Архив событий

25/08/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының бұзған азаматтарға қатысты 26 әкімшілік іс қаралды

25/08/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының бұзған азаматтарға қатысты  26 әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулыларымен 26 құқықбұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 21 азамат 3 жылдан 5 жылға дейін мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, 5 азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Сот 127 азаматқа жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала шектеу шарасын қолданды

25/08/2017

Көкшетау қаласының мамандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың басынан 127 тұлғаға қатысты жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала шектеу туралы материал қаралды.

Сот анықтағандай, 127 азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттармен белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және олардың баспаналары болмағандықтан қанғыбастық өмір сүрген.

Жақсы аудандық сотында көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты 28 әкімшілік іс қаралды

25/08/2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Бурабай аудандық сотында жеке айыптау істерін ресімдеу мәселелерін талқылады

25/08/2017

Бурабай аудандық сотында медиаторлар және Бурабай аудандық құқық қорғау органдарының кызметкерлерінің қатысуымен «Жеке айыптау істерді ресімдеудің сапасы» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот төрағасы А.Балабеков заңнама нормаларын қолдану бойынша түсініктемелер беріп, сот істері мен материалдарды сапалы түрде дайындаудың талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертіп, мемлекеттік органдармен шығарылған жеке қаулылардың саны мен олардың шығаруына туындаған себептері бойынша айтып өтті.

Астрахан аудандық сотында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдану туралы тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

25/08/2017

Астрахан аудандық  сотында әкім аппаратының басшысы, ауданның кәсіби емес медиаторы және заң консультация меңгерушісінің қатысуымен «Қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк істерді қарау барысында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аудан сотының төрағасы А.Ан «дөңгелек үстелде» қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк істерді қарау барысында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдануын түсіндіріп, сот тәжірбиесінде туындаған мәселелерді атап көрсетті.