Архив событий

28/08/2017

Ақмола облыстық соты ҚР Конституция күні қарсаңында шағын футболдан турнир өткізді

28/08/2017

Ақмола облыстық соты Қазақстан Республикасы Конституция күні қарсаңында облыстық құқық қорғау органдарының арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырды.

Турнирге 8 команда қатысты, оның ішінде Ақмола облыстық соты, облыстық прокуратура, ІІД, ҰҚКД, ҚАЖД, Мемлекеттік  кірістер департаменті, ТЖД, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің командалары болды.

Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын ұстауды насихаттау. Тұрғындарды жаппай спортқа тарту. Спорт түрлерін насихаттау.

Көкшетау қалалық сотында Конституция күніне орай салтанатты жиналыс өтті

28/08/2017

Көкшетау қалалық сотында судьялар мен сотм мандандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Ата Заңымыз – Тәеулсіздігіміздің кепілі» тақырыбында іс шара өткізілді.