Архив событий

31/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Көкшетау қаласының Достық үйінде татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

31/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Көкшетау қаласының Достық үйінде «Татуластыру рәсімдерін дамыту. Оларды шешудің жолдары мен мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға Ақмола облысының прокуроры, ІІД қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» қоғамдық бірлестігі, жергілікті соттардың судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, адвокаттар алқасы, нотариалдық палата және отставкадағы судьялар қатысты.

Көкшетау қалалық сотында «Айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

31/08/2017

Көкшетау қалалық сотында прокуратура, жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері және судьялардың қатысуымен «Айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Медиация - дауларды шешудің тиімді жолы

31/08/2017

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б. Жарылғасов Ақмола облысы «Жас Отан» жастар қанаты филиалымен өткізілген «Ашық есік күніне» қатысты.

Қала тұрғындарына медиация ретінде дауларды шешу, оның оң жақтары және тарптарға қатысты үздік пайдалары түсіндірілді. Медиация құқықтық қоғамда үлкен танымдылық алып жатқанын, сотқа дейінгі дауларды шешу процедурасын әлемнің алдынғы қатардағы З0 елдің қолданып келе жатқаны және медиация болашақтын кепілі-деді Б.Жарлығасов.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы мұғалімдердің тамыз кеңесінде баяндама оқыды

31/08/2017

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын орындау мақсатыңда  Ақмола облысының білім басқармасы ғимаратында, білім өкілдерінің, маслихат депутаттарынын, судьялардын, үкіметтік емес ұйымдардың, «Нур Отан» партиясының өкілдерінің қатысуымен тамыз кеңесі өткізілді.

Бурабай аудандық соты Елбасының «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

31/08/2017

Бурабай аудандық сотында Бурабай әкімдігінің аппарат басшысының және ауылдык округтердің әкімдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде кәсіби емес медиаторлардын санын көбейту туралы сұрақтар, мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту туралы және Би-шешендер, Жыраулар және Алаш орда қайраткерлерінің есімдерін қаланың көшелеріне, ауылдарға беру туралы сұрақтар талқыланды.

Ақмола облыстық соттарында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы

31/08/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты, татуластыру келісімдер мен  партисипативті рәсім белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.