Архив событий

05/09/2017

Ақкөл аудандық сотында көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты 59 әкімшілік іс қаралды

05/09/2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Сот алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

05/09/2017

Шортанды аудандық сотында Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін азаматша Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін азаматша Т. сатып алушыға түнде сағат 22.00-ден кейін алкогольдік өнімді сатқан. Осы әрекетімен, азаматша Т. сағат 23.00-ден келесі күнгі сағат 08.00-ге дейінгі аралықта, яғни тыйым салынған уақытта алкогольдік өнімді заңсыз сатқан.

Целиноград аудандық сотында Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 142 азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды

05/09/2017

Целиноград аудандық сотында 2017 жылдың басынан Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының көші –қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 142  әкімшілік іс қаралды. 

А.И.Джейранов бойынша ақпарат

05/09/2017

А.И.Джейрановқа қатысты Зеренді аудандық сотының үкімі істі қарауға қатысқан тұлғалардың, соның ішінде, жәбірленуші Н.Ф.Буланованың және оның өкілі В.В.Филипенковтың қатысуымен 2017 жылдың 2 тамызында жарияланды.

Сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды

05/09/2017

Атбасар аудандық сотында алкогольдік масаң күйде сот отырысына келіп, сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін азамат В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат В. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.