Архив событий

08/09/2017

Ақмола облыстық соты мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларымен кеден заңнамасын қолдану мен корпоративтік даулар мәселелері бойынша семинар сабақ өткізді

08/09/2017

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. А.Шойынбекова облыстық соттың азаматтық алқасының судьялары және Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларының қатысуымен «Кеден заңнамасын қолдану және корпоративтік даулардың мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.

Сандықтау аудандық сотында сот актілерін ұзақ уақыт орындамау мәселелерін талқылау жөнінде «дөңгелек үстел» өтті

08/09/2017

Сандықтау аудандық соты төрағаның м.а. Л.Сексенбаевамен Сандықтау аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы  және Ақмола облысының жеке сот орындаушысының қатысуымен сот актілерін ұзақ уақыт орындамау мәселелерін талқылау жөнінде «дөңгелек үстел» өтті.  

«Дөңгелек үстел» барысында айыппұлдар мен мемлекеттік баж салығын өндіріп алу бөлігіндегі сот актілерін ұзақ уақыт орындамаған, сотпен мемлекет кірісіне өндіріп алынатын мәселелері, орындалмаған сот актілерінің басқа түрлері, олардың шешімдерін шешу туралы мәселелері талқыланды.

Есіл аудандық сотында «Электронды сот бұйрығы өңдірісі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

08/09/2017

Есіл аудандық сотында сот төрағасы Қ.Әбішев «Қазақтелеком» АҚ-ның, «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-нің, «Есіл қалалық шаруашылығы» ШЖҚ МКК-нің, Есіл аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерінің қатысуымен «Электронды сот бұйрығы өңдірісі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аудан сотының төрағасы Қ.Әбішев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында сот жүйесіне жаңалықтар енгізілгені туралы айтты, яғни 2017 жылғы 17 шілдеден бастап республика соттарында сот бұйрығын шығару туралы арыздардың қаралуы электронды форматта жүргізілуде.

Көкшетау қалалық сотында «Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудегі отбасылық құндылықтарды насихаттау» тықырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

08/09/2017

Көкшетау қалалық сотында Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Койшина Д., Ақмола облысының Іскер әйелдер қауымдастығының дағдарыс-орталығының басшысы Базарбаева Ә., «Көкшетау қаласының АХАЖ бөлімі» ММ-ің басшысы Қабдушева.М, құқық қорғау, әділет органдары қызметкерлерінің, отставкадағы судьялардың, медиаторлар мен психологтардың қатысуымен «Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудегі отбасылық құндылықтарды насихаттау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Жақсы аудандық соты 2017 жылдың ағымдағы аралығының жұмысын қорытындыланды

08/09/2017

Жақсы аудандық сотында ағымдағы 2017 жылдың ағымдағы аралығында  40 қылмыстық іс қаралды, соның ішінде 9 іс медиация тәртібінде қысқартылды, тергеу судьясымен 35 өтінішхат қаралды.

143 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 16 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

168 әкімшілік іс қаралып, соның ішінде 5 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды, 6 азамат ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 39 азаматқа әкімшілік айыппұл, 42 азамат әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықығынан 25 азамат айырылды.

Есіл аудандық сотында сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

08/09/2017

Есіл аудандық сотында мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қатысуымен сот актілерін орындау мәселелрі бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар айыппұлдарды өндіру бөлігіндегі сот актілерін орындау, сот шығыңдарын, мемлекеттік бажды өндіріп алу, мүлікті тәркілеу бойынша сұрақтарды талқылады.

Баланы қайтару және ата-ана құқықтарын шектеу салдарын бұзу бойынша азаматтық іс қаралды

08/09/2017

Азаматша Д. ата-ана құқықтарын шектеу салдарын бұзу және баланы қайтару бойынша талап арызбен Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінді.

Еңбекшілдер аудандық сотының төрайымы жастар орталығымен кездесу өткізді

08/09/2017

Еңбекшілдер аудандық сотының төрайымы Г.Анарбекова аудандық кітапханада Жастар орталығының мүшелерімен кездесіп, кездесу барысында медиация Заңын түсіндіріп, кәсіби емес медиаторларының рөлін, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді eнгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асырылу туралы сөз сөйледі. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 айында сотпен 3 қылмыстық, 39 азаматтық және 5 әкімшіліктік істер бойынша даулар медиация тәртібімен қаралғандығын атап өтті..

Сот шешімімен ЖШС-нен еңбек ақы өндіріліп алынды

08/09/2017

Ақкөл аудандық сотымен азамат З-ның «Магас-1» ЖШС-нен еңбек ақыны өндіріп алу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат З. 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін  «Магас-1» ЖШС-да қызмет атқарған. 2013 жылдың қазан айынан бастап оған еңбек ақы төленбеген, берешек соммасы 701 293 теңгені  құраған.

Сот шешімімен азамат З-ның «Магас-1» ЖШС-нен еңбек ақыны өндіріп алу туралы талап қою арызы қанағаттандырылып, «Магас-1» ЖШС-нан азамат З-ның пайдасына 701 293 теңге еңбек ақысы өндірілді.