Архив событий

15/09/2017

Сот тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатты

15/09/2017

Жарқайың аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, атап айтқанда қасақана денеге жеңіл зиян келтірген азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында жәбірленуші азамат А-мен татуласуына және оған қарсылығының жоқ болуына байланысты азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтату туралы өтінішхатты және жазбаша келісімді ұсынды. 

Бурабай аудандық сотында әкелікті анықтау және алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды

15/09/2017

Бурабай аудандық сотында талапкер Р-дің  жауапкер Б-ға әкелікті анықтау және алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптардан партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынылды, тараптар келісімге келіп, осыған сәйкес талапкер өз талабынан бас тартты, ал жауапкер өзін биологиялық әкелігін танып, алимент төлеуге міндеттенді.

Қорғалжын аудандық соты және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

15/09/2017

Қорғалжын аудандық сотының төрағасы Х.Кембаева және Қорғалжын ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Аманжолов дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын кеңейту және жан-жақты дамыту туралы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Меморандум халықтың дауларды баламалы тәсілдермен шешу мәселелері бойынша құқықтық мәдениет деңгейін көтеру мақсатында қол қойылды.  

Көкшетау қалалық сотында судьяларымен сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша семинарлық сабақ өткізілді

15/09/2017

Көкшетау қалалық сотының төрағасы Р.Шақуанов  судьялар мен сот приставтарының қатысуымен «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту» тақырыбында семинарлық сабақ өткізді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 119-бабына сәйкес, сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.

Көкшетау қалалық сотында сотқа қатысушы тараптарға және электронды цифрлық қолтаңбалары жоқ азаматтарға, сот ғимаратында электронды цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігі бар екені жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді

15/09/2017

Бүгінгі таңда, сот қызметінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану Қазақстан Республикасының соттарында басым бағыттардың бірі болып табылады.

Зеренді аудандық сотында соттарда медиацияны қолдану туралы тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

15/09/2017

Зеренді аудандық сотында судьялардың, кәсіпқой емес медиатордың, адвокаттардың қатысуымен медиацияны қолдану туралы тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Қ.Шаймергенов «дөңгелек үстелде» соттарда медиацияны қолдану туралы айтты.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен істерді қарау кезіндегі тәжірибелерімен және пікірлерімен алмасты.

Ақмола обысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ашық есік күніне қатысты

15/09/2017

Ақмола обысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.Жарылғасов ХҚКО ғимаратында «Нұр Отан» партиясының Ақмола облысы «Жас Отан» жастар қанаты филиалымен өткізілген Ашық есік күніне қатысты.