Архив событий

19/09/2017

Ақкөл аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік іс қаралды

19/09/2017

Ақкөл аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Сот анықтағандай, азамат А. сот отырысына алкогольдік масаң күйде келген. Азамат А. өзінің әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен және оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

2017 жылдың 8 айында электронды түрде «Сот кабинеті» арқылы Ақмола облысы соттарында 396 өтініш пен 13940 талап-арызы тіркелген

19/09/2017

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ресми  интернет-ресурсында «Сот кабинеті» электрондық сервисін іске қосты.

«Сот кабинеті» сервисі сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, электрондық байланыс арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Көкшетау қалалық сотында «Азаматтық сот өндірісінде прокурордың қатысуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

19/09/2017

Көкшетау қалалық сотында судьялар мен Көкшетау қаласының прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық сот өндірісінде прокурордың қатысуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Көкшетау қалалық сотының судьясы Гаухар Нұрманова 2016-2017 жылдардың сот өндірісінде прокурорлардың қатысуы бойынша статистикалық деректер келтіріп, азаматтық істерді қарау кезінде прокурорлардың қатысуын азайту керектігін атап өтті. Себебі 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап прокурорлар істердің бөлек санаттарында қатысады.

Медиация институтын дамыту бойынша пилоттық жоба шеңберінде Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты меморандум бекітті

19/09/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты және «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандум бекітті.

Көкшетау қалалық сотында «Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

19/09/2017

Көкшетау қалалық сотында «Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту» тақырыбында Ақмола облыстық сотының судьясы Роза Ертаева, медиаторлар, банктер мен сақтандыру компаниялардың өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Көкшетау қалалық сотының судьясы  Дидар Байниязов азаматтық сот ісін жүргізуде даулардың жекелеген санаттары бойынша  медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жобаның өзектілігіне тоқталып, осы жобаның қолданысы ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасуы туралы хабарлады.

Салық саласындағы заңнама төңірегіндегі даулар бойынша құқықты қолдану тәжірибесінің мәселелері талқыланды

19/09/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында салық саласындағы заңнамалар төңірегіндегі даулар бойынша сот тәжірибесін бірыңғай қалыптастыру мақсатында Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» аясында мемлекеттік кіріс органдарының алкоголь өнімдерін көтерме бағамен сату және сақтау қызметтерін жүзеге асыратын салық төлеушілердің мемлекеттік кіріс берекшектерін өндіріп алу төңірегіндегі сот тәжірибесінің мәселелері талқыланды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Астрахан, Егіндікөл, Целиноград және Қорғалжын аудандарының тұрғындарымен жұмыс кездесулерін өткізіп, азаматтарды қабылдайды

19/09/2017

Ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйегінде Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Астрахан, Егіндікөл, Целиноград және Қорғалжын аудандарының селолық округтарының әкімдері, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, ардагерлер және БАҚ өкілдерінің қатысуыларымен жұмыс кездесулерін өткізеді.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық сотының төрағасы аталған аудандардың соттарында азаматтарды қабылдайды. 

Атбасар аудандық сотында «Азаматтық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

19/09/2017

Атбасар аудандық сотында мемлекеттік кіріс басқармасының өкілдері, «Қазақтелеком» АҚ-ы, «Атбасар су» ШЖҚ МКК-нің және Атбасар ауданы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен «Азаматтық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелде» судья А.Жапарова медиация институтын барлық саласында туындаған даулар мен жанжалдарды шешуде қолдануын атап өтіп, «дөңгелек үстел» қатысушыларын өздерінің саласында туындаған даулы жағдайларды белсенді шешуге шақырды.