Архив событий

02/10/2017

Ақмола облысында жаңа судьялар тағайындалды

02/10/2017

Облыстық соттың судьялар кеңесінде Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров жаңа тағайындалған судьяларды таныстырды.

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 551 Жарлығымен Есіл аудандық сотының судья қызметіне Саян Жылқайдаров, Көкшетау қалалық сотының судья қызметіне Сержан Қожамұратов тағайындалды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы сот жүйесінің ардагерлерімен кездесті

02/10/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров сот жүйесінің ардагерлерімен кездесіп, еліміздің сот жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар туралы айтып өтті.

Досжан Әміров ардагерлердің көп жылғы еңбектеріне, жас судьялармен бүгінгі күнге дейін бөлісіп жүрген тәжірибесі мен даналықтары және өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қосып жүрген үлестері үшін алғыс білдірді.