Архив событий

04/10/2017

Астрахан аудандық сотында «Бұйрықтық сот өндіріснің артықшылығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

04/10/2017

Астрахан аудандық сотының төрағасы Алексей Ан «Бұйрықтық сот өндіріснің артықшылығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға прокуратура, ішкі істер бөлімі, , мемлекеттік кірістер, әкімідік өкілдері мен адвокаттар  қатысты.

«Дөңгелек үстелде» сот төрағасы «Бұйрықтық сот өндірісінің артықшылығы» тақырыбында  баяндама оқып, бұйрықтық сот өндірісіндегі ерекшеліктерді талқылады.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен «дөңгелек үстел» өтті

04/10/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен соттарда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану туралы, алқабилердің қатысуымен сот талқылауы бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Біздің құқығымыз» қоғамдық қорының жетекшісі В.Шуль және «Вайнах» қоғамдық қордың басшысы Г. Яндиев «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

Ақмола облысы соттарында істер медиативтік келісім бекітумен және тараптардың татуласуымен қаралуда

04/10/2017

Ақмола облысының  аудандық  және  оларға теңестірілген соттарында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер тараптардың татуласуымен және медиативтік келісім жасауымен  қаралуда. 

2017 жылдың  9 айында  Есіл аудандық сотында 31 азаматтық, 7 қылмыстықжәне 13 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды.

Астрахан  аудандық  сотында 2017 жылдың 9 айында 17 азаматтық, 7 әкімшілік және 6 қылмыстық іс медиация тәртібімен  қаралды.

Көкшетау қалалық  сотында  2017 жылдың 9 айында 181 азаматтық іс медиациялық  келісіммен бекітіліп,  іс жүргізу тоқтатылған.

1170 тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды

04/10/2017

Бурабай аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында 1303 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралған, онын ішінде 1170 тұлға келесі әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған:

-  37 тұлғаға ескерту жасалды;

-  374 тұлғаға әкiмшiлiк айыппұл салынды;

-  373 тұлға әкімшілік қамаққа алынды;

-  329 тұлғаға арнайы құқықтан айыру жазалары  тағайындалды;

Судьялар сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

04/10/2017

Бурабай және Егіндікөл аудандық соттарының судьялары сот жүйесінің ардагерлерін қарттар күнімен құттықтап, көп жылғы мінсіз еңбектері мен жас ұрпаққа баға жетпес тәжірибелерімен бөліскендері үшін алғыс білдірді.

Судьялар ардагерлерге мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Егіндікөл аудандық сотының судьясы Сағынай Әменов құрмет демалысында, көп жыл сот жүйесінде қызмет атқарған. Оның еңбек жолы жас ұрпақ үшін үлгі болып табылады.

Есіл аудандық сотында 51 азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер медиация тәртібімен қаралды

04/10/2017

Есіл аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында 31 азаматтық, 7 қылмыстық және 13 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды.

Барлық істерді қарау барысында медиацияны жүргізу қағидаттары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, жүргізу тәртібі, тілі мен негізгі шарттарын сақтаумен қаралды.