Архив событий

05/10/2017

Ерейментау аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 89 әкімшілік іс қаралды

05/10/2017

Ерейментау аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 89 әкімшілік іс қаралды.

Сотта, 38 азаматқа қатысты әкімшілік істер жәбірленушілердің құқық бұзушылармен татуласуына байланысты тоқтатылды, оның ішінде 8 іс медиация тәртібімен, ал 51 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») әкімшілік құық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 29 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 22 азаматқа ескерту түрінде жаза тағайындалды.

2698 азамат әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды

05/10/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  2017 жылдың 9 айында 2866  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралған, онын ішінде 2698 азамат  келесі әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды: 95 ескерту жасалды; 1255 әкiмшiлiк айыппұл салынды; 567 азамат әкімшілік қамаққа алынды; 753 арнайы құқықтан айыру жазалары  тағайындалды; шетелдікті немесе азаматтығы жоқ 28 азамат Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.

Кәмелетке толмаған 17 азаматқа қатысты тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалды.

Жақсы аудандық сотының төрағасы медиация институтын дамыту мәселелері бойынша ауылдық округтердің әкімдерімен кездесу өткізді

05/10/2017

Жақсы аудандық сотының төрағасы Арай Жақыпов ауылдық округтердің әкімдері және Жақсы ауданы тұрғындарының қатысуымен «Медиация институтын дамыту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шара барысында сот төрағасы медиацияны қолданудың аясын сонымен қатар, медиацияны қолданудың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

«Дөңгелек үстелде» әкімдермен кәсіби емес медиаторлардың тізбесін жүргізу мәселесі талқыланды.

Еңбекшілдер аудандық сотында істердін 47 пайызы мемлекеттік тілде қаралған

05/10/2017

Статистикалық мәліметтер бойынша Еңбекшілдер аудандық  сотында 2017 жылдың қыркүйек айында 83 азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер және олардын 47 пайызы мемлекеттік тілде қаралды.

Қаралған 4 қылмыстық істердің, 2 ісі (50%) мемлекеттік тілде қаралды, 45 әкімшілік істің – 25-і мемлекеттік тілде қаралды.

Бұланды аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында әкімшілік істер бойынша 34 жекеше қаулылар шығарылды

05/10/2017

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 826-бабына сәйкес, заңдылықты бұзу жағдайлары айқындалған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде судья жекеше қаулы шығарады. Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.