Архив событий

12/10/2017

БАҚ өкілдеріне

12/10/2017

2017 жылдың 13 қазан сағат 15.00-де Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әміров бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 2017 жылдың 9 айындағы облыс соттарымен сот төрелігін іске асырудың қорытындысы бойынша баспасөз конференция өткізеді.
Өткізу орны: Көкшетау қаласы, М.Горький көшесі, 39 үй, Ақмола облыстық сотының ғимараты, баспасөз-орталығы (5 қабат, 510 кабинет).

 

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Тел. 8 (7162) 55 97 83

2017 жылдың 9 айында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 60 қылмыстық іс қаралды

12/10/2017

2017 жылдың 9 айында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 60  қылмыстық іс  қаралды. 68 адам сотталды. Мемлекет  тілде 2 қылмыстық  іс қаралды. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану  туралы  қаулы  шығарумен 3 іс қаралып, 1 адам іздеуге  жарияланды. 20 қылмыстық іс бойынша 27  жекеше қаулылар шығарылды.   

Алқабилердің  қатысуымен  4 қылмыстық іс қаралды.

Шортанды,Жаксы және Целиноград аудандық соттарында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы әкімшілік істер қаралды

12/10/2017

2017 жылдың 9 айында Шортанды аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 55 әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулыларымен Өзбекстан Республикасының 181 азаматы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

12/10/2017

Аршалы аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзған үшін 181 Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының 181 азаматы Қазақстан Республикасына келген. Алайда белгіленген мерзімде Қазақстан Республика шегінен шықпаған және рұқсатсыз жұмыс жасаған.

Қорғалжын аудандық сотының төрайымы «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасына сұхбат берді

12/10/2017

Қорғалжын  аудандық  сотының төрайымы Х.Кембаева «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасына сұхбат беріп,  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы, сот ісін жүргізудегі өзгерістер, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы айтты.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылай отырып, облыс соттарымен іс-шаралардың іске асырып жатқандығын атап өтті төрайым.

Бурабай аудандық сотында «дөнгелек үстел» өтті

12/10/2017

Бурабай аудандық сотында Щучинск қаласындағы коммуналдық кәсіпорының және пәтер иелерінің кооперативтардын басшыларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстелдің» басында сот бұйрығын шығару туралы арыздардың  санын көбейту және сотқа жүгіну кезінде мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту туралы сұрақтар талқыланды.

Степногорск қалалық сотында 2017 жылдың 9 айы ішінде 48 жекеше қаулы мен ұйғарым шығарылған

12/10/2017

Степногорск қалалық сотында жыл басынан заңдылықтың бұзушылығын анықтау бойынша, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауды анықтауға байланысты 48 жекеше қаулы мен ұйғарым шығарылды. Соның ішінде қылмыстық істерді қарау кезінде 5 жекеше қаулы, азаматтық істерді қарау кезінде 19 жекеше ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылық істер қарау кезінде 24 жекеше қаулы шығарылды.

Бұланды аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлеріне арналған семинар сабақтар өткізілді

12/10/2017

Бұланды аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Б.Ахметжанов және кеңсе меңгерушісі Ә.Оразов судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақ тілі – ана тіліміз», «Төрелік» АЖ іс жүргізу мен сот ісін жүргізу» тақырыптарында семинарлық сабақтар өткізді.

Семинарда Б.Ахметжанов мемлекеттік тілдің мәртебесін, бүгінгі күні қолдану жағдайы, сонымен қатар, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен оны қолдану туралы түсіндірді.

Зеренді аудандық сотында «дөнгелек үстел» басында кездесулер өтті

12/10/2017

Зеренді аудандық сотында медиацияны қолдану мәселелері бойынша кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың, прокурорлармен адвокаттардың қатысуымен «дөнгелек үстел» басында отырыстар өтті.

Сот төрағасы Қайрат Шаймергенов медиаторлардың қатысуымен соттарда медиацияны қолдану туралы айтты.

Кәсіби медиатор Асқар Әміржанов медиацияны жүргізу тәжірибиесін әңгімеледі.

Атбасар аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 43 әкімшілік іс қаралды

12/10/2017

2017 жылдың 9 айында Атбасар аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 43 әкімшілік іс қаралды.

Еңбекшілдер аудандық сотында 2017 жылдың 9 айының жұмыс қортындысы бойынша брифинг өтті

12/10/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында «НұрОтан» партия  филиалының хатшысы Ө.Жомартов және «Еңбекшілдер жаршысы» аудандық газетінің бас редакторы В.Устьянцевтың қатысуымен 2017 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Егіндікөл аудандық сотында «Дауларды төмендету және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруда медиация рәсімінің рөлі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

12/10/2017

Егіндікөл аудандық сотында аудан әкімдігінің өкілдері және кәсіби емес медиаторлар Вера Гасанова мен Людмила Мартынецтің қатысуымен «Дауларды төмендету және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруда медиация рәсімінің рөлі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Бекзат Жазит «дөңгелек үстелдің» жұмысын аша отырып, сот іс жүргізуіндегі медиацияның рөлін түсіндіріп, сот тәжірибесінде туындайтын мәселелерді атап көрсетті.

Жарқайын аудандық сотында келтірілген материалдық зиянды өңдіріп алу туралы дау медиация тәртібімен қаралды

12/10/2017

Жарқайың аудандық сотында медиацияны қолданумен материалдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды .

Сот медиациялық келісім бекітті. Келісім бойынша, талапкер өзінің талаптарынан бас тартады, ал, жауапкерлер келтірілген материалдық зиянды орнына келтіруді міндеттенді.

Азаматтық іс бойынша іс-жүргізу тоқтатылды.