Архив событий

16/10/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әміров БАҚ өкілдерімен баспасөз-конференция өткізді

16/10/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров БАҚ өкілдерімен облыс соттарының 2017 жылғы 9 айындағы сот төрелігін жүзеге асыру жұмысының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді.

Атбасар аудандық сотында 58 жекеше қаулылар мен ұйғарымдар шығарылды

16/10/2017

Атбасар аудандық сотында ағымдағы жылдың 9 ай ішінде заңдылықтың бұзушылығын анықтау бойынша, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауды анықтауға байланысты 58 жекеше қаулы мен ұйғарым шығарылды. Соның ішінде қылмыстық істерді қарау кезінде 14 жекеше қаулы, азаматтық істерді қарау кезінде 10 жекеше ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылық істер қарау кезінде 34 жекеше қаулы шығарылды.

Астрахан аудандық сотында «Төрелік» АЖ-де іс жүргізу мен сот ісін жүргізу» тақырыбында семинар өтті

16/10/2017

Астрахан аудандық сотының кеңсе меңгерушісі сот кеңсесі қызметкерлері мен сот отырысы хатшыларына «Төрелік» АЖ-де іс жүргізу мен сот ісін жүргізу» тақырыбында семинар- сабағын  өткізді.

Кеңсе меңгерушісі өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасы сот органдары қызметкерлерінің (кеңсе қызметкерлерінің, мамандардың, сот отырыстары хатшыларының, судьялардың) соттарда іс жүргізумен және сот ісін жүргізуімен байланысты өздерінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде «Төрелік» АЖ-мен жұмыс технологиясы туралы баяндап, түсіндірді.

Аршалы аудандық сотында «Қазақ тілі – ана тіліміз» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

16/10/2017

Аршалы аудандық сотының төрағасы Бақытжан Нұрмағамбетов  және Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры  Руслан Маханов, орталықтың мемлекеттік тіл жөніндегі бас маманы Нұрхан Қуандық, судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақ тілі – ана тіліміз» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Ақмола облысының соттары журналистермен кездесулер өткізді

16/10/2017
Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттар 2017 жылдың 9 айы ішінде сот жұмысының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, Зеренді аудандық сотында «Зерен» газетінің бас редакторы С.Кимнің қатысуымен баспасөз конференциясында сот жұмысының қорытындылары, сот жүйесінің қол жетімділігі мен ашықтығы туралы мәселелер талқыланды.