2015 жылдың І жартыжылдығына Ақмола облысы соттарының жұмысы туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

2015 жылдың І жартыжылдығына Ақмола облысы
соттарының жұмысы туралы

2015 жылдың 1 қаңтарынан облыс соттары жаңартылған заңнама жағдайында жұмыс істей бастады,  себебі жаңадан Қылмыстық, Қылмыстық- процестік, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстері күшіне енді.

2015 жылдың 1 жартыжылдығында Ақмола облысының соттарымен 28 433 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер мен материалдар аяқталды, бұл 2014 жылмен (27 480)  салыстырғанда 963 іс пен материалға немесе 3,4 % көп. 2015 жылдың І жартыжылдығында азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді қарау барысында іс жүргізу мерзімінің бұзушылығы тіркелмеген. Медиатордың қатысуымен 72 қылмыстық және азаматтық істер қаралды.

Есеп кезеңінде облыс соттарымен 1182 тұлғаға қатысты 1 040 қылмыстық іс аяқталды. 629 адам сотталды, 20 – ақталды, 442 тұлғаға қатысты іс өндірісінен тоқтатылды, 6 тұлғаға медициналық шара қолданылды.

Облыс соттарымен келесі жазалар тағайындалды: 124 адамды бас бостандығынан айыру, айыппұл салу – 135; қоғамдық жұмыстарға тарту – 140 адам; бостандығын шектеу – 66; тиісті лауазымды иемдену құқығынан айыру – 1; ҚР ҚК 65-69 баптарын қолдана отырып жазадан 10 адам босатылды; шартты түрде сотталғандар - 50 адам, түзету жұмыстарына – 1.

2015 жылдың 1 жартыжылдығында Ақмола облысының соттарына азаматтық істер бойынша 224 іс пен 14 311 өтініш түсті, сонымен қатар 7 808 тұлғаға қатысты 7 801 әкімшілік іс қаралды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне тергеу судьясы лауазымының енгізілуі жаңашылдық болып табылады.
Тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын және қылмыстық сот өндірісіндегі заңды құқықтарын жүзеге асыру жатады.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың тергеу судьяларымен барлығы 421 өтініш қаралды, 403 – қанағаттандырылды.

Сот төрелігін жүзеге асыруда оңтайландырудың бір бағыты - соттың іс жүргізуінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ашықтықтың жоғарғы деңгейіне жету болып табылады.

Сот жүйесінің азаматтар үшін қолжетімді және оңтайлы болу мақсатында, соттарда келесі жұмыстар іске асырылды: Электрондық пошта мен SMS-хабарламаларды жөнелту арқылы сот процестерінің қатысушыларын хабарлау жүйесі; «Сот құжаттарымен танысу» сервисі; «Істердің қаралуы» сервисі; «Сот кабинеті» сервисі; «Сотқа шақыру қағазы» сервисі.

Облыс соттарының сот отырыстарының залдары модернизацияланған дыбыс және дыбыс-бейне жазу жүйесімен жабдықталған. Барлығы дыбыс-бейне жазу жүйесімен 31 сот залы жабдықталған.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы соттарға электрондық түрде 4 441 талап-арыздар тіркелген.

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында сотқа қатысушыларға, ұялы байланыс абоненттеріне 37 637 SMS-хабарламалар жіберілген.

2014 жылдың 22 қыркүйегінен «Гибридті электрондық пошта» пилоттық жобасы енгізілді.

Соттармен барлығы 6 297 электрондық шақырту жіберілген.

Сот жүйесінде қазіргі замаңғы технологияларды қолдану мен енгізу – ол сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдету, сот өндірісін автоматтандыру мен оңтайландыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.