2016 жылдың І жартыжылдығына Ақмола облысы соттарының жұмысы туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

2016 жылдың 1 жартыжылдығында Ақмола облысы соттарымен 31 177 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер мен материалдар қаралды, бұл 2015 жылдың салыстырмалы кезеңімен алғанда (28 433)  2 734 іс пен материалға немесе 8,8%-ға көбейген.

Алқа билердің қатысуымен 3 қылмыстық іс қаралды. Тергеу судьяларымен 1 291 материал қаралды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, мемлекеттік және басқа да органдардың басшыларымен кәсіби міндеттерін орындау кезінде сөз бұйдашылық, ұқыпсыздық пен жауапсыздық, материалдық және процестік заңдарды бұзу фактілері бойынша облыс соттарымен 44 жеке қаулы шығарылды.

Медиатордың қатысуымен қаралған азаматтық істердің саны 2 есеге ұлғайған. 2016 жылдың 1 жартыжылдығында медиатордың қатысуымен 71 азаматтық және 39 қылмыстық іс қаралды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексіндегі жаңашылдықтың бірі партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен бекітіледі. Облыс соттарымен патисипативтік рәсімді бекітумен 3 азаматтық іс қаралды.

Облыстың аудандық және оларға теңестірілген облыс соттарының сот төрелігін атқарудың сапасы қылмыстық істер бойынша 0,5%, азаматтық істер бойынша 1,0%, әкімшілік істер бойынша 0,3% жақсарды. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде процестік мерзімдер бұзылмаған.

2016 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы 2,1%, азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасы 7,4%, әкімшілік істерді қараудың апелляциялық сот алқасының жұмыс сапасы 0,9% жақсарған.

Облыс соттарының сот отырыстарының залдары модернизацияланған дыбыс және дыбыс-бейне жазу жүйесімен 83% жабдықталған. «Сот кабинеті» сервисі арқылы жеке және заңды тұлғалардан соттарға электронды түрде 10 155 талап-арыздар, сонымен қатар 7 067 әкімшілік материал тіркелген.

Облыс соттарында азаматтар үшін барлық жағдай жасалып, азаматтардан электронды түрде талап арыздарды қабылдау және жолдау үшін компьютер техникасымен жабдықталған үстел орнатылған.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі