Ақмола облыстық сотының төрағасы Әмір Досжан Сарманқұлұлы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әмір Досжан Сарманқұлұлы  6 сәуір 1962 жылы Жамбыл облысы Свердлов ауданы Чапаев совхозында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1979 жылы Чапаев атындағы совхозда тоқ дәнекерлеуші болып бастаған. 1980 жылдың сәуірі- 1982 жылдың сәуірі аралығында Совет армиясында әскери борышын өтеген. 1982 жылдың мамырынан 1982 жылдың қазан аралығында Чапаев совхозында дәнекерлеуші болып жұмыс жасаған. 1982-1988 жылдары - Қарағанды Мемлекеттік университетінің заң факультетінің дайындық бөлімінің тыңдаушысы, содан кейін студенті. 1988 жылдың тамыз айы мен 1989 жылдың маусым айы аралығында             Солтүстік Қазақстан облысының адвокаттар алқасында машықтанушы.

Сот жүйесінде еңбек жолын 1989 жылдың шілде айында Солтүстік Қазақстан облысының Темирязев аудандық сотының судьясы болып бастады. 1990 жылдың наурыз айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Ленин аудандық сотының судьясы. 1990 жылы қараша айынан бастап Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мүшесі болып сайланды. 1999 жылдың қараша айы мен 2002 жылдың қазан айы аралығында Қарағанды облысының Теміртау қалалық сотының төрағасы, ал 2002 жылдың қазан айы мен 2007 жылдың наурызы аралығында Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2009 жылдың наурызынан 2010 жылдың ақпан айына дейін Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымында қызмет атқарған. 2010 жылдың ақпан айында Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың ақпан айындағы Жарлығымен Маңғыстау облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың наурыз айындағы Жарлығымен Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 маусымдағы Жарлығымен Ақмола облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ-дәрежелі, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Мінсіз қызметі үшін» ІІ-дәрежелі,  «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» құрмет,  «Қазақ хандығына 550 жыл», «Судьялар одағының құрметті мүшесі» құрмет белгілерімен, «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жанұялы, тәрбиесінде төрт баласы бар.