Ақмола облысы соттарының 2015 жылғы жұмыс қорытындысы туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ақмола облысы соттарының 2015 жылғы жұмыс қорытындысы туралы

2015 жылы Ақмола облысының соттарымен 64 720 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер мен материалдар қаралды, бұл 2014 жылмен (57 440)  салыстырғанда 7 280 іс пен материалға көп.

Соттарда қаралатын істердің санының ұлғайуы азаматтардың өтініштері мен дауларын қарау кезінде және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы шешілуінен және құқығының қорғалуынан азаматтардың сотқа деген сенімінің артқанын көрсетеді.    

Соттарда тіркелген істер санының ұлғауына қарамастан істерді қарау барысында іс жүргізу мерзімінің бұзушылығы тіркелмеген.

Былтырғы жылмен салыстырғанда бейбіт келісімге келумен байланысты істі тоқтатумен қаралған азаматтық істердің саны 18,1 % ұлғайған, жәбірленушімен сотталушының  татуласуына байланысты сот ісін жүргізуді тоқтатумен қылмыстық істердің саны 8,7 % ұлғайды. Медиатордың қатысуымен 68 қылмыстық және  52 азаматтық істер қаралды.

2015 жылы облыс соттарымен 1 473 адам сотталды (2014 жылы 984 адам сотталды), 37 – ақталды (24), 9 азаматқа (10) медициналық шара қолданылды.

Облыс соттарымен келесі жазалар тағайындалды: 296 адамды бас бостандығынан айыру (2014 жылы – 397), айыппұл салу – 321 (28); қоғамдық жұмыстарға тарту – 321 (34); бостандығын шектеу – 425 (397); тиісті лауазымды иемдену құқығынан айыру – 1 (1); ҚР ҚК 65-69 баптарын қолдана отырып жазадан 16 адам босатылды (9); шартты түрде сотталғандар - 94 адам (118), түзету жұмыстарына – 3 (-).

Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотымен алқа билердің қатысуымен 5 адамға қатысты 5 іс қаралды.

2015 жылы Ақмола облысының соттары жаңартылған заңнамамен жұмыс істеді. Себебі 2015 жылдың 1 қаңтарынан жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстері және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі күшіне енді.

Ақмола облысының тергеу судьяларымен санкция беру туралы 933 өтініш және қылмыстық қудалау оргадарының әрекетіне байланысты 84 шағым қаралды. 

 

Сот функциясының маңызды көрінісі жеке қаулыларды шығару бойынша өкілеттікті пайдалану болып табылады. Жеке қаулыда сот тиісті мекемелер мен лауазымды тұлғаларға қылмыс жасауға ықпал ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына заңды мүдделерiне елеулі түрде қысым жасалса және заңның өзге де бұзушылықтарына, тиісті шараларды қабылдауды талап ететін жағдайларға көңіл бөлінеді. Сот әрбір орган, ұйым, лауазымды тұлғаның атына жеке қаулы шығара алады.

2015 жылы құқық қорғау, мемлекеттік және басқа да органдардың атына 766 жеке қаулылар шығарылды. Жеке қаулылардың талдауы көрсеткендей, олар материалды және сот ісін жүргізудің бұзылу фактісінен, сарсаңға салудан, немқұрайлық пен жоғарыдағы аталған органдардың басшылары мен қызметкерлерінің кәсіби міндетін орындау кезінде жауапсыз қарауынан шығарылған.

Соттың жеке қаулыларының мәні, бұзылған құқықтарды орнына келтіру және оларды қамтамасыз ету, сонымен қатар осындай қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтың алдын-алу мен ескерту болып табылады. Жеке қаулылар шығарылатын органдар, лауазымды тұлғалар жауапкершілік танытуға, кемшіліктерді жоюға, оны қайталамаудың тиісті шараларын қабылдаудың ұқсас мақсаттарын ұстануы және сотқа уақытылы жауап беруді көздеуі тиіс.  

Сот төрелігін жүзеге асыруда оңтайландырудың бір бағыты - соттың іс жүргізуінде электронды ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ашықтықтың жоғарғы деңгейіне жету болып табылады.

Сот жүйесінің азаматтар үшін қолжетімді және оңтайлы болу мақсатында, соттарда келесі жұмыстар іске асырылды: Электрондық пошта мен SMS-хабарламаларды жөнелту арқылы сот процестерінің қатысушыларын хабарлау жүйесі; «Сот құжаттарымен танысу» сервисі; «Істердің қаралуы» сервисі; «Сот кабинеті» сервисі; «Сотқа шақыру қағазы» сервисі.

Сот кабинеті – бұл сот органдарына электронды түрде кіруге арналған сервис. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет-сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап арыздарды (арыздарды) беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ сотта істің қаралу барысын бақылай алады.

Облыс соттарының сот отырыстарының залдары модернизацияланған дыбыс және дыбыс-бейне жазу жүйесімен жабдықталған.

Сот жүйесінде қазіргі замаңғы технологияларды қолдану мен енгізу – ол сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдету, сот өндірісін автоматтандыру мен оңтайландыру, ақпараттық технологияларды дамыту, бюджет қаражатын үнемдеу болып табылады.

2015 жылы шілдеде «Сот кабинеті» электрондық сервисін ілгері дамыту және жаңарту мақсатында, мобильді құрылғы арқылы сот органдарымен берілетін, сервиске кіруге қамтамасыз етілетін «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасы әзірленді. Қосымша жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді.

Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің Сот кабинеті веб-нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін «Сот кабинеті» сервистерін қолдануға пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсету жеткілікті. Пайдаланушы көрсеткен ұялы телефон нөміріне СМС-хабралама арқылы қосымшада авторлану үшін құпия сөз келеді.

«Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасында келесі сервистер үйлестірілген: жаңалықтарістерді қарау тізімдерітапсырылған құжаттар және сот процесі қатысушыларының күнтізбесі.

Облыс соттарымен сот ісін жүргізуде электронды технологияларды қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Көкшетау қаласының қоғамдық орындарында, яғни  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, вокзалда және сауда орталығындағы азаматтарға қолайлы жерлерде «Сот кабинеті» және «Сот кабинетінің мобильді нұсқасы» электрондық сервистерінің қызметтері туралы ақпараттық баннерлер орнатылды. Азаматтарға арналған бұл баннерлерде «Сот кабинетінің» ұсынатын қызметтері, сервисті қолдану туралы ақпараттар көрсетілген. Көкшетау қаласының орталығында азаматтар үшін қаланың басты көшелерінде «Сот кабинеті» электронды сервисінің қызметі туралы билборд орнатылған.

Соттарда азаматтар үшін барлық жағдай жасалған, электронды құжаттарды жолдау үшін компьютер техникасымен жабдықталған үстел қойылды.