Ақмола облысы соттарының 2016 жылдың 9 айына жұмыс қорытындысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

2016 жылдың 9 айында Ақмола облысы соттарымен 54937 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер мен материалдар қаралды, бұл 2015 жылдың 9 айымен (38616)  салыстырғанда 2 734 іс пен материалға немесе 8,8% көп.

Облыс соттарымен 1543 қылмыстық іс қаралды. 1 069 адам сотталып, 27 адам ақталды. Қылмыстық істер бойынша келесі жазалар тағайындалды: 245 адамды бас бостандығынан айыру, айыппұл салу – 242; қоғамдық жұмыстарға тарту – 209, бас бостандығын шектеу – 288, татуласуына байланысты жазадан босатылды – 4, шартты түрде сотталғандар - 74 адам, түзету жұмыстарына – 6. Медиатордың қатысуымен 86 қылмыстық іс қаралды (2015 жылы – 56 іс).

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен 3 қылмыстық іс қаралды.

27 100 азаматтық іс қаралды. 7 796 сот бұйрығы шығарылды. Медиатордың қатысуымен 175 іс, партисипативті келісіммен 3 іс қаралды.

10 421 құқық бұзушыға қатысты 10 421 әкімшілік іс қаралды.

Соттардың жұмыс қорытындысы бойынша 2016 жылдың 9 айында қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы 2,7%-ға, азаматтық істер бойынша бірінші сатыдағы соттардың жұмыс сапасы 1,1%-ға, азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 6,9%-ға жақсарды. көрсетеді. Әкімшілік істер бойынша бірінші сатыдағы соттар 0,3%-ға, ал апелляциялық сот алқасының жұмыс сапасы 1,2%-ға жақсарған.