Тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарихи анықтама

Ақмола облысы 1868 жылы 21 қазанда құрылды. Оның құрамына басында Ақмола, Көкшетау, Петропавл және Омбы уездері кірді. Облыс Степной генерал-губернаторство құрамында болып, Орталық жөне Солтүстік Қазақстан жерлерін алып жатты. Ол - солтүстігінде Тобол губерниясымен, батысында Торғай облысымен, оңтүстікте - Сырдария және шығысында - Семипалатинск облыстарымен шектесті. Облыстың ірі қалалары болып Омбы, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Атбасар қалалары саналды. Қазір облыс құрамына Ақмола облысының жерлері, бұрынғы Көкшетау және Торғай облыстарының кейбір аудандары кіреді.

Ақмола облысы соттар жүйесінің тарихы Қазақстанның мемлекет болып қалыптасу кезеңдерімен тұспа-тұс келді. Осы жылдар ішінде республикамыздың сот жүйесі халқымыз бастан кешкен ілгерілеу мен құлдырауды да, қуғын-сүргін мен соғыс зұлымдығын да, толысу мен тоқырауды да басынан кешірді. Қазақстан Республикасы сот төрелігінің тарихы туралы айта келе, ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басында қалыптасқан казақ құқықтарының жиынтығын өмірге әкелген Тәуке хан мен оның билері Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алмау мүмкін емес. Атақты " Жеті жарғы" - сол бабаларымыздан қалған баға жетпес мұра. Бұл әйгілі билер аттарымен бірге Ақмола өңірінде өмір сүрген шешен-билердің аттары да ел жадында сақталған, олар: Қанай би, Бапан би, Саққұлақ би, Етекбай би, Нияз би және т.б.

Билердің даналығы мен абыройы арқасында XIX ғасырдың бас кезеңіне дейін ірі қылмыскерлері жоқ, қандықол қарақшысы жоқ, түрмесі жоқ Қазақ мемлекеті еркін өмір сүріп келді. Бірақ Ресей империясының тұсында ежелгі дәстүрлі қазақ әдет-ғұрып құқығы бұл ерекшеліктерінен айырыла бастады. Патшалық Ресей қазақ қоғамындағы осы дәстүрлі заңдарды өз мүддесіне пайдалануға тырысты, қыр өлкесін отарлау саясатына бағындырғысы келді. Оның ішкі қуатын, құндылығын шектеді. Патша әкімшілігі реті келген жерлерде қазактың әдет-ғұрып құқық нормаларын қазақтардың өздеріне карсы қолданудан тайынбады. Қоғамдағы саяси билік, оның іске асуы, қалыптасқан құқық нормалары Ресей заңдарымен ығыстырылды. 1864 жылғы Ресейдің сот реформасы Дала өлкесіне XIX ғасырдың аяғына келді. Мұрағат құжаттарына сүйенсек, Ақмола облысының сот жүйесі туралы мөлімет алғашқы рет 1898 жылғы 2 маусымдағы "Түркістан мен Степной облыстарында сот бөлімін қайта құру туралы" заңда кездеседі. Сегіз ғасырдан астам уақыт осындай ерекшелігімен халық мүддесіне, үлттық салт-дәстүрге қызмет етіп келген көне заңдар ережесі, билер соты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өз күшін жоймай, дәстүрлі қазақ заң құқықтарының нормалық жиынтығы болып келген еді. Билер соты кейіннен халык, соты деп аталып, олар әр болыстан сайланды. Жаңа социалистік қоғам үстемдік құрған 1917-1922 жылдар аралығында билер соты талай мәрте айтыс-тартысқа түсіп, "ескіліктің қалдығы" есебінде ұлттық, мемлекеттік маңызын жоюға әкеп соқты.

Азамат соғысы кезеңінде Қазақстанда халық соттары және революциялық трибуналдар құрылды. 1920 жылғы Қазақ республикасының автономиялығы туралы Декретімен Әділет Халық Комиссариаты да құрылды. Оған республикадағы сот органдарын ұйымдастыру және оларға басшылық жасау міндеті жүктелді. 1921 жылғы 08 сәуірдегі «Қазақ АССР-ның халық соттары туралы» Орталық Атқару Комитетінің Декреті Қазақстандагы халық соттарын ұйымдастыру кезеңіне нүкте қойды. 1922 жылдың ортасында құқық қорғау жүйесі түпкілікті өзгерістерге ұшырады. Реформалау жаңа эко-номикалық саясатқа өту кезеңіндегі объективті кажеттіліктерден туындады. Сот құрылысы жөніндегі қаулыға жөне ережеге сөйкес халық соты, губерниялық сот және жоғары сот болатын үш буынды жүйе құру көзделді. 1923 жылдың қаңтар айында Юстиция комиссариаты Республика аумағында сот құрылысы туралы Ережені енгізу мақсатында губерниялық соттар құру (ұйымдастыру) жөніндегі № 11 циркуляр губерниялар бойынша таратылды. Ақмола губерниялық соты 1923 жылдың наурыз айынан жұмыс істей бастады.

Сот тарихы - ел тарихының бөлінбес бір бөлшегі

Кеңес дәуірінде ел басына түскен тәркілеу, ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, тоталитарлық жүйе, бәрі сот билігін айналып өткен жоқ. 1932 жылдың каңтарында Қазақстан АССР аумағы БКП(б) орталық комитетінің қаулысымен облыстарға бөлінді. БОАК-нің 10.03.1932 жылғы қаулысына сөйкес республика 6 облысқа бөлінген болатын, соның бірі Қарағанды облысы, орталығы Петропавл қаласы болды. Қазіргі Ақмола облысының аумағы сол құрамда болған. 1932 жылдың наурыз айындағы Қазақстан АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің шешімімен Қарағанды облыстық соты қүрылды. 1936 жылы Қарағанды облысы Солтүстік Қазақстан облысы орталығы Петропавл қаласы және Қарағанды облысы орталығы Қарағанды қаласы болып екіге бөлінді. Осыған байланысты қазіргі Ақмола облысының бір бөлігі Қарағанды облысына, бір бөлігі Солтүстік Қазақстан облысына қарады. Сот Солтүстік Қазақстан облыстық соты болып аталды. Ақмола облыстық соты тарихының келесі кезеңі 1939 жылы Ақмола облысы ашылуымен басталады. Облыс құрылуына байланысты Акмола облысының атқару комитетінің 1940 жылғы 14-мамырдағы шешімімен Ақмола облыстық сотының құрамы бекітілді. Алғашқы сот төрағасы Баймұқанов Әлімжан Баймұқанұлы (1940-1944 ж.ж.) болды. Оның орынбасары болып Кострюков Ион Иванович; сот мүшелері - Ысқақова Жакуда, Харламова Татьяна Онуфриевна, Тишибаев Артықбай Жалмағамбетұлы, Моисеенко Александр Васильевич. Кейінірек Головина Валентина Григорьевна, Терехова Анна Григорьевна, Канцеров Тариф Латыпович және басқалары қосылды. Сол кезде Ақмола облыстық сотының төрағасы қызметін атқарғандар: Мұқан Рахымберлин (1944-1947 ж.ж.); Асаубаев Ақаш Асаубайұлы (1947-1948 ж.ж.); Соколов Валентин Васильевич (1948-1953ж.ж.); Белоусов Павел Петрович (1953-1955ж.ж.), оның орынбасарлары: Нұрабаев Қойшыбай Нұрабайұлы, Агараев Павел Демьянович, сот мүшелері - Таңірбергенова Зайнаб Ибрагимқызы, Бестібаев Дәулет, Мұстапаева Күлсімхан, Дмухайло-Токарева Мария Никитична, Бақтыбергенов Уали, т.б.

1944 жылдың 16 наурызында Көкшетау облысы құрылып, Көкшетау облыстық соты ашылды. Көкшетау облыстық сотының бірінші төрағасы болып Баймұқанов Әлімжан Баймұқанұлы (1944-1948 ж.ж.) тағайындалды. Кейін Көкшетау облыстық соты-ның төрағасы болып жұмыс істегендер: Гизатулла Халидұлы. Ахмедов (1949-1955 ж.ж.); Солуня И.А., Петров Николай Иванович (1955-1975ж.ж.); Рекин Александр Александрович (1975-1980ж.ж.); Хурманғалиев Қазкен Хурманғалиүлы (1980-1991ж.ж.); Сейітов Шора Оспанұлы (1991-1995 ж.ж.); Баймұрзин Еркін Шахманұлы (1995-1997ж.ж.); Сөрсенбаев Аманкелді Өмірбайүлы (1997ж.), әр уақытта төраға орынбасарлары болғандар: Миргалиева Мария Васильевна, Ямалутдинов Абдолла Нұрмұхамедұлы, Жүсіпов Нүрғазы Қанапияұлы, Мясоедов Владимир Павлович, Легенькова Зоя Алексеевна, Малахов Михаил Федорович, Шабашов Михаил Григорьевич, Нұралин Дәулен Дәулетұлы, Жуковский Владимир Станиславович, Малык Владимир Николаевич; судьялар - Соломина Анна Владимировна, Досқожин Гарип Досқожинович, Қазымбетов Қайырбек, Николайчук Валерий Андреевич, Новоселова Клавдия Ивановна, Бабич Зинаида Дмитриевна, Омаров Ершік Әбдірахманұлы, Көшімбаев Болат Жазитұлы, Нартова Людмила Александровна, Катайцева Светлана Сергеевна, Мохначева Клавдия Ивановна, Верясов Георгий Семенович, Цицина Нина Владимировна, Грицаев Михаил Павлович, Субботин Александр Алексеевич, Мұқатаев Марат Әбусағитұлы, Жүсіпов Қайрат Зияұлы, Жүсіпов Наурызбай Кәрімұлы, Шорник Людмила Владимировна, Василевич Галина Витальевна, Кәуен Серік Айтжанұлы, Тәшімова Ырымкеш Исабекқызы және басқалар.

Кезінде Көкшетау облысының прокуратура, сот органдарында лауазымды басшы қызметтер атқарған Қазкен Құрманғалиұлының туғанына 75 жыл толуына орай Көкшетау қаласы әкімінің шешімімен 2003 жылғы 22 ақпанда өзі тұрған Осипенко көшесі, 27 үйде ескерткіш тақтасы салтанатты түрде ашылды.

1956 жылғы қыркүйек айында Юстиция министрлігінің басқармасы таратылуымен облыстық сот (1970 жылғы тамыз айына дейін) Юстиция министрлігінің облыстық басқармасының міңдеттерін атқаратын болды. Бұл кезде облыстық сот төрағасы болған Торкин Александр Петрович (1956-1962 ж.ж.), оның орынбасарлары Угаев Геннадий Александрович, Печинников Василий Семенович, сот мүшелері Жаңабаев Балтабай, Каплан Анна Зямовна және басқалары. 1960 жылғы желтоқсан айында Ақмола облысы таратылып, облыстық сот жабылды. Оның міндеттері 1961 жылдың 3 ақпан айында кұрылған Тың өлкелік сотына жүктелді. 1961-1965 ж.ж. сот төрағасы Сақбаев Сафидулла Қалмағамбетұлы, орынбасары - Галочкин Николай Тимофеевич, сот мүшелері Жұма-беков Есмағамбет, Жүсіпов Торғай және басқалары болды. Целинный край (Тың өлкесі) құрамына Ақмола-Целиноград атына өзгертілген, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Көкшетау облыстары кірді. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1965 жылғы 19 қазандағы Жарлығымен Целинный край жабылды. Целиноград облысының атқару ко-митетінің 1965 жылғы 16 қарашадағы № 25/664 шешімімен Целиноград облыстық сотының құрамы бекітілді. Сот төрағасы — Зинченко Владимир Александрович (1965-1975 ж.ж.), екі орынбасары және сегіз облыстық сот мүшесі: Әбдіразақова Ғалия Қадырқызы, Әріпов Қанапия Әріпұлы, Дворниченко Василий Дмитриевич, Сибиров Ваха Хамидович, Даутов Есім Хамзаұлы, Русских Александр Николаевич, Селектор Валентина Прохоровна және басқалар. 1975-1987 ж.ж. облыстық сот төрағасы болып Борис Кенжебайұлы Кенжебаев тағайындалды, оның орынбасарлары Валерий Николаевич Булович, Анна Зямовна Каплан, сот мүшелері Жеңіс Хасанұлы Қабиев, Тілеулес Ха-митұлы Махметов, Мнуара Разиденқызы Былкилова - Жапина, Валентина Григорьевна Иванова, Алексей Николаевич Лотванов, Нина Николаевна Масная, Владимир Михайлович Попов, Роберт Алексеевич Яковлев, Александр Владимирович Крупинин, Нина Андреевна Муценберг, Владимир Васильевич Халюткин, т.б. Кейін Ақмола облыстык сотын басқарғандар: Төлеген Асқарұлы Әбдірахманов (1987-1992 ж.ж.), оның орынбасарлары Анатолий Алексеевич Масный, Владимир Андреевич Эм, Холмецкая Валентина Ивановна; Ақылтай Ахметжанүлы Қасымов (1992-1999 ж.ж.), оның орынбасарлары Владимир Андреевич Эм, Бағдат Қаспақұлы Ахметов, Ермек Қуандықұлы Серекбаев. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1988 жылғы 2 маусымдағы Жарлығымен Торғай облысы жабылып, Торғай облыстық соты таратылды. Целиноград облысы құрамына Торғай облысының Есіл, Державин, Қийма, Жаңадала және Жақсы аудандары кірді. 1991 жылдан бастап Қазақстан сот төрелігінің жаңа кезеңі басталады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет больш жарияланғаннан кейін оның қуаты - сот жүйесін қалыптастыру қажеттілігі туындады. Осы жылдары жүргізілген реформалар негізінен сот билігінің жеке дара құрылуы мен қалыптасуына бағытталды. 1997 жылдың 3 мамырында әкімшілік-аумақтық өзгерістерге байланысты Көкшетау облысы жабылып, Көкшетау облыстық соты Солтүстік Қазақстан облыстық сотының құрамына кірді.

25-желтоқсан 2000 жылы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және су-дьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңы қабылданғаннан бері сот құқықтық реформасының үлкен бір белестен асқаны анық. Ақмола облыстық сотының тарихы елімізде болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістермен тығыз байланысты. Мемлекеттің әкімшілік орталығын Алматы қаласынан Ақмола қаласына ауыстыруына байланысты Ақмола облыстық соты құрылымында өзгерістер болды: облыстық соттарға теңестірілген Астана қаласының соты құрылып, оның негізгі кұрамы Ақмола облыстық сотының судьяларынан жасақталды. Алқа төрағалары болып А.Ф.Борецкая, Е.Ж. Айтқожин, Е.Ш.Баймурзин тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8-сәуірдегі Жарлығының негізінде Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына көшірілді. Соған байланысты Ақмола облыстық соты Көкшетау қаласына ауысты.

                                        

Көкшетауда облыстық сот өз жұмысын 1999 жылдың 12 шілдесінен бастады.