Жалпы отырыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ақмола облыстық соты жалпы отырысының

РЕГЛАМЕНТІ

 

I-тарау. Жалпы мәселелер

1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жалпы отырыс облыстық сотының органы болып табылады.  Оның мәртебесі, құзыреті, отырыстарды өткізудің шарттары мен тәртібі, облыстық сот төрағасының, жалпы отырыс хатшысының өкілеттігі, жалпы отырысқа мәселелерді дайындау рәсімі Конституциялық заңмен, «Сот жюриі туралы Ережемен» және осы Регламентпен айқындалады.

(Облыстық соттың 2009 ж. 15-мамырдағы жалпы отырысының қаулысы негізінде 1-тармағына өзгерістер енгізілді).

2. Облыстық соттың жалпы отырысы:

1) облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша сот алқаларының сандық және дербес құрамын белгілейді; 

(Облыстық соттың 2010 ж. 5-қаңтардағы жалпы отырысының қаулысы негізінде 2-тармақтың 1) тармақшасына өзгерістер енгізілді).

2) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;

3) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыру кезіндегі  заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды; 

4) уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкілетті органға келісім береді; 

5) уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;

6) облыстық соттың судьясы, аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар жасайды;

7) уәкілетті органның облыстағы аумақтық бөлімшесінің басшысын  қызметтен босату туралы уәкілетті органға ұсыныс енгізеді;

8) судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиісті қорытынды береді;

9) сот төрелегін іске асыруының сапасы төмен немесе сот  істерін қарау кезінде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;

10) облыстық сот төрағасының ұсынысы бойынша облыстық сот судьялар арасынан жалпы отырыстың хатшысын бекітеді; 

11) судья лауазымына алғашқы рет тағайындалған тұлғалардан ант қабылдайды;

13) жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрлық резервіне судьялардың кандидатураларын бекітеді; 

14) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

(Облыстық соттың 2009 ж. 15-мамырдағы жалпы отырысының қаулысы негізінде 2-тармағына өзгерістер енгізілді).

3. Облыстық соттың жалпы отырысы төраға, алқалар төрағалары, облыстық соттың судьялары құрамында әрекет етеді және облыстық сот судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады. 

4. Облыстық соттың жалпы отырысы қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде  екі рет өткізіледі. Кезектен тыс жалпы отырыс облыстық сот төрағасының бастамасы бойынша шақырылады.   Жалпы отырыс қызметі жоспарланады. Жоспарға енгізілетін ұсыныстарды облыстық соттың төрағасы, алқалар төрағалары, судьялар,  облыс прокуроры, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары бере алады.

(Облыстық соттың 2009 ж. 15-мамырдағы жалпы отырысының қаулысы негізінде 4-тармағына өзгерістер енгізілді).

5. Жалпы отырыс облыстық сот төрағасының төрағалық етуімен жүргізіледі.

Жалпы отырыстың барлық қаулыларына төрағалық етуші және жалпы отырыстың хатшысы қол қояды.

Жалпы отырыстың хаттамасын облыстық сот кеңсесінің мемлекеттік қызметшілері арасынын белгіленген техникалық хатшы жүргізеді. 

6. Жалпы отырыс хатшысының жиналым бар екендігі және жалпы отырыстың жұмысына  шақырылған тұлғалардың қатысуы туралы баяндамасынан кейін отырысты ашу туралы мәселесі шешіледі.

7. Күн тәртібі, оған толықтырулар және жұмыс тәртібі қатысып отырған облыстық сот судьяларының көпшілігінің ашық дауыс беруімен бекітіледі.

8. Жалпы отырыс барысында төрағалық етуші:

жалпы отырысты басқарады, осы регламенттің сақталуын бақылайды;

кезекпен, күн тәртібіне, осы Регламент талаптарына сәйкес немесе жалпы отырыс шешімімен айқындалған өзге тәртіппен сөйлеуге сөз береді;

рәсім мәселелер бойынша кезектен тыс сөз береді;

әрбір ұсынысты келіп түсуіне қарай дауысқа салады;

ашық дауыс беруді және дауыстарды санауды ұйымдастырады, дауыс беру нәтижелерін жариялайды;

осы Регламенттің ережелері бұзылған жағдайда жалпы отырыстың қатысушыларына ескерту жасауға,  ал қайта бұзылса оларды сөз сөйлеуден айыруға құқылы;

жалпы отырыс жұмысына шақырылған кедергі келтіруші адамдарды ескертуден кейін отырыс залынан шығаруға құқылы.

9. Жалпы отырыстың қаулылары,   жалпы отырысқа қатысушы облыстық сот судьяларының көпшілік ашық дауыс беруімен қабылданады.

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының  және кассациялық алқасының құрамына судьяларды сайлау, материалдарды Сот жюриіне тапсыру туралы,   көпшілік дауыс беруі арқылы қолдау жасалған    облыстық сот судьясының ұсынысы бойынша, жасырын дауыс өткізіледі.  

10. Рәсім мәселелер бойынша жалпы отырыстың қаулылары, сондай-ақ шешімдері жалпы отырысқа қатысып отырған облыстық сот судьяларының ашық дауыс беруімен көпшілік дауыспен қабылданады.

Рәсім мәселелері мынадай: күн тәртібін, жүргізу тәртібін  бекіту, үзіліс, отырысты кейінге қалдыру туралы, мәселелерді талқылау кезектілігі, жарыссөзді тоқтату, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту; дауыс беру тәсілдері туралы; жиналымды және дауыстарды қайта есептеуді растау. (Облыстық соттың 2009 ж. 27 тамыздағы, 2010 ж. 5 қаңтардағы жалпы отырысының қаулылары негізінде 9,10-тармақтарына өзгерістер енгізілді).

11. Дауыс беруі алдында төрағалық етуші дауысқа салуға қойылған ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың тұжырымын нақтылайды, өз ұсыныстарын кім кері шақыртып алғандарын анықтайды, жалпы отырыс мүшелерінің дауыс беру (жасырын немесе ашық) тәсілі туралы пікірін анықтайды.

12. Дауыс беру кезінде төраға, алқа төрағасы, облыстық соттың судьясы бір дауысқа ие.   Дауыстар тең түскен жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады. 

13. Жасырын дауыс болған жағдайда   оның нәтижелерін анықтау үшін жалпы отырыс көпшілік дауыспен құрамында облыстық соттың кем дегенде үш судьядан тұратын есеп комиссиясын сайлайды.  Есеп комиссиясы өзінің төрағасы мен хатшысын дербес сайлайды. Есеп комиссиясының құрамына кандидатуралары бос лауазымға немесе сайланбалы органдардың құрамына ұсынылып отырған тұлғалар енгізілмейді.   Жалпы отырыс есеп комиссиясын сайлау туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

14. Дауыс беру үшін қажетті ақпараты бар бюллетеньдер есеп комиссиясы белгілеген нысанда және санда шығарылады.

15. Дауыс берудің уақыты мен орнын, оны жүргізудің ретін есеп комиссиясы белгілейді және оның төрағасымен хабарланады.

16. Әрбір дауыс берушіге мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылған бір бюллетень беріледі. Кандидатуралар жөніндегі пікір «жақтап дауыс беремін», «қарсы дауыс беремін» немесе «дауыс беруден қалыс қаламын» деген бағанға белгі қою арқылы білдіріледі. Дауыс беруші өз қалауы бойынша бюллетеньнің тілін таңдайды.

17. Дауыс берушінің еркіндігін анықтауы мүмкін болмаған бюллетеньдер жарамсыз болып есептеледі. Егер бюллетеньде бір кандидаттарға қатысты дауыс берушінің еркі көрсетілсе, ал басқа кандидаттарға қатысты өз еркін анықтауға мүмкін болмаса, онда дауысты есептеген кезінде тиісті кандидаттарға қатысты өз еркін беруі есепке алынады. Бюллетеньге дауыс беру үшін қосымша енгізілген тұлғалар дауыс санау кезінде есепке жатпайды.

18.  Мөр басылған урна есеп комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен ашылады. Есеп комиссиясы жасырын дауыс берудің нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған есеп комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.   Есеп комиссиясы төрағасының баяндамасы бойынша жалпы отырыс ашық дауыспен есеп комиссиясының хаттамасын бекітеді.

19. Жалпы отырыс қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық соттың баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жұмыс ұйымдастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерінің жалпы отырыс мәжілістеріндегі қызметін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы Регламентке сәйкес жүргізеді.

20. Жалпы отырыстың жұмысына жағдай жасау, отырысқа синхронды аударма және оған материалдарды дайындау, мәжіліс залын техникалық қамтамасыз ету облыстық соттың кеңсесіне жүктеледі.

 

2-тарау. Алқалардың құрамын бекіту, сайлау, ұсыныстар, кандидатураларды бекіту, ақпарат тыңдау, ант қабылдау

 

21. Жалпы отырыс облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық сот алқаларының сандық және дербес құрамын белгілейді. Облыстық соттың кассациялық сот алқасының құрамын сайляу жыл сайын жалпы отырыста өткізіледі.    

Облыстық соттың жұмыс істеп тұрған кассациялық сот алқасы өз өкілеттігін алқаның жаңа құрамы сайланғанға дейін сақтайды. 

Алқалардың сандық құрамы өзгерген жағдайда немесе бос орынға жаңадан сайланған судьялар өз қызметтерін бұрын сайланған алқа қызметінің мерзімі аяқталғанына дейін атқарады. 

(Облыстық соттың   2010 ж. 5-қаңтардағы жалпы отырысының қаулысы негізінде 21-тармағына өзгерістер енгізілді).

22. Жыл сайын жалпы отырыс облыстық сот төрағасының ұсынуымен облыстық соттың келер жылға жұмыс жоспарын талқылайды.  Талқылау нәтижелері бойынша жалпы отырыс облыстық сот судьяларының жалпы санының көпшілік дауысымен бекіту үшін ұсынады.    

23. Жалпы отырыс сот практикасын талқалайды және оны жинақтау нәтижелері бойынша облыс соттарымен сот төрелігін іске асыру барысында заңдылықтың сақталуы мәселелерін қарайды.    Талқылаудың нәтижесінде жалпы отырыс проблемалық мәселелерге соттардың назарын аударып, оларды шешу жолдарын ұсынады. 

24-26 тармақтары алынып тасталады.

27. Облыстық сот төрағасының ұсынымы бойынша  жалпы отырыстың хатшысы бекітіледі.

(Облыстық соттың 2009 ж. 15-мамырдағы жалпы отырысының қаулысы негізінде 27-тармағына өзгеріс енгізілді).

28. Жалпы отырыс жыл сайын  уәкілетті органның облыстағы аумақтық  бөлімшесінің  басшысының есебін, облыстық соттың алқалары төрағаларының  ақпараттарын тыңдайды. 

29. Уәкілетті органның облыстағы аумақтық  бөлімшесінің  басшысының есебі бойынша, облыстық сот алқа төрағаларының ақпараттары бойынша жалпы отырыс қаулыларының жобалары тиісінше уәкілетті органның облыстағы аумақтық  бөлімшелерімен, сот алқаларымен мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады және отырыстың басталуына он күн бұрын жалпы отырыс хатшысына ұсынылады.  

30. Судьяның бос лауазымына кандидатуралар баламалы негізде облыстық сот төрағасымен ұсынылады, және оларды талқылау, қызметке талапкердің анкеталық деректерін жариялаудан басталады. Әрбір кандидатура бойынша қорытынды облыстық сот судьяларының жалпы санының көпшілік дауыстың жасырын немесе ашық даусымен қабылданады.  Кандидатуралар бойынша лауазымға ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданады. Бір лауазымға бірнеше тұлғаларды ұсыну кезінде олардың арасынан біреуін ұсынуды облыстық сот төрағасы құқылы.  

31. Облыстық сот төрағасының ұсынымы бойынша жалпы отырыс сот төрелігін атқару кезінде төмен көрсекткіштерге ие болған немесе сот істерін қарау кезіндегі ұдайы заң бұзушылықтары үшін облыстық соттың алқа төрағалары және судьясы, аудандық және оларға теңестірілген сот төрағалары және судьяларына  қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды.   

Талқылаудың нәтижелері бойынша жалпы отырыс материалдарды Сот жюриіне беру немесе беруден бас тарту туралы облыстық сот судьяларының жалпы  санынан көпшіліктің дауысымен жасырын дауыс беруімен шешім шығарады.

Сот  төрелегінің іске асыруының сапасы төмен немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген төраға және судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы қаулының жобалары  мемлекеттік және орыс тілдерінде (аймақтылық бойынша жетекшімен) дайындалады және отырыстың басталуына он күн бұрын жалпы отырыс хатшысына ұсынылады.

32. Судьяларды сайлау және жіберу туралы, сондай-ақ оларға ұсынымдар беру туралы қаулылардың жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде кадр қызметі дайындайды, оған оның басшысы бұрыштама қойып, отырыстың басталуына он күн бұрын  жалпы отырыс хатшысына тапсырады.

33. Алғаш рет облыстық соттың алқа төрағасы, судьясы, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағасы және судья  лауазымына тағайындалғандар тағайындалғаннан кейін 2 айдан кешікпей жалпы отырыста ант қабылдайды.

Облыстық соттың төрағасы тұлғаның қызметке тағайындалуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жариялап, оны ант қабылдауға шақырады.   Ант салтанатты түрде мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданады.

 

3- тарау. Қорытынды ережелер

 

34. Регламент қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

35. Жалпы отырыстың Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар оның отырысында қабылданады және қаулымен ресімделеді.

36. Осы Регламенттің ережелерін түсіндіру жалпы отырыспен жүзеге асырылады.