Жаңалықтар

Сайлау комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды

27/03/2024

   Сот, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат «Р.»-дің аудандық сайлау комиссиясына әкімшілік талабын қанағаттандырып, сайлау комиссиясының шешімін заңсыз деп таныды.
   Сотта, азамат «А.»-ның өтініші негізінде, депутаттыққа кандидат «Р.»-ға үгіт материалдарын автобус ішінде орналастырған фактісі бойынша сайлау комиссиясымен ескерту шығарғаны анықталды.
   «Р.» комиссияның шешімімен келіспей, сотқа жүгінді.
   Сот кандидат «Р.»-дің іс-әрекеттерінде сайлау алдындағы үгіт жүргізу қағидаларын бұзушылықтың болмауына байланысты талап негізделген деп таныды.

«Соттар айнасы» айдары

20/03/2024

   Аршалы аудандық сотында коллектр агенттігінің «Т.»-ға қарызды өндіру туралы азаматтық іс бойынша  медиативтік келісім бекітілді. Сот осы келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты, талапкерге төлеген мемлекеттік баж  қайтарылды.

   Аршалы аудандық сотында, тараптардың татуласуына байланысты,  ӘҚБтК-нің 73-бабының 3-бөлігі бойынша  құқық бұзушы «И.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылды.Сот азамат «И.»-ға қатысты медиция тәртібімен татуласуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарды.

«Іс-шаралар әлемі» айдары

19/03/2024

    

    Бұланды аудандық сотында аудандық медиаторлардың қатысуымен «Медиация заман талабы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Сот төрағасы Дамиля Наукенова ҚР заңнамасымен қарастырылған татуластыру рәсімдері туралы түсініктемені және насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы туралы атап өтті.    
          
    Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот  актілерін орындау» тақырыбында семинар өтті. Семинарда бас маман Гүлназ Сәдуақасова сот актілері мен атқару құжаттарын орындауға жіберу жолын түсіндірді.

«Сот жаңалықтары» айдары

18/03/2024

 

       ҚІЖМАС-на азамат «П.» соттың шақыртуы бойынша алқабидің міндетін атқару үшін келген жоқ. Сотпен азамат «П»-ға сотқа келу туралы хабарлама жолданғанын, алайда ол дәлелді себепсіз алқабилердің міндеттерін орындау үшін келмегені анықталды. Сот қаулысымен азамат «П.» ӘҚБтК-нің 655-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

«Медиация» айдары

15/03/2024

 

     КТІжМАС-да  медиацияны қолдана отырып, мүлікті бөлу туралы   азаматтық іс қаралды.Сотта тараптар осы істі жүргізіп жатқан судьяның медиацияны жүргізуі туралы өтінішхатын мәлімдеп, мынадай шарттар бойынша медиативтік келісім жасасты. Тараптар пәтердегі үлестерді тең деп тануға келісті. Сот ұйғарымымен тараптар арасында медиация тәртібімен келісім жасасуға байланысты азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Көршісіне су ағызып, құнын төлегісі келмеді. Сот залалды өндіріп алды.

13/03/2024

  Егер пәтеріңізге жоғарыдағы көршілерден су ағып, залал келтірілсе? Сотқа жүгінуге асықпай, бітімгершілікке келуге тырысыңыз.
  Көпқабатты үйдің 3-қабатында тұратын «Б.» төмен қабатта тұратын «А.»-ның пәтеріне бірнеше рет су ағызған.
  «А.» үш жыл бойы көршісімен қарым-қатынасын бұзғысы келмегендіктен, ерікті түрде өтемақыны өзі төлейді деп үміттенген. Бірақ «Б.» залалдың құнымен келіспеген, сондықтан «А.» сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Ақмола облысының соттарында онлайн әлеуметтік сауалнама жүргізілуде

12/03/2024

  Ақмола облысының соттарында онлайн әлеуметтік сауалнама жүргізілуде.
  Ақмола облыстық соты 2024 жылдың 12 наурызынан бастап сотқа қатысушы азаматтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізуді бастады.
  Мақсаты: облыс соттарының жұмысымен азаматтардың қанағаттану деңгейін зерделеу, соттардың жұмысын ұйымдастыру сапасын жақсарту, соттарға халықтың сенім дәрежесін анықтау.
  Сауалнаманы жүргізу кезінде алынған деректердің шындылығы зерделенетін болады. Сот процесіне қатысушы бір іс бойынша тек қана бір рет сауалнамаға қатыса алады.

«Жергілікті соттардың іс-шаралары» айдары

07/03/2024

 

      Сандықтау аудандық сотының төрағасы Лариса Сексенбаева нотариустармен нотариаттық іс-әрекеттерге шағымдану мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізді. 2023 жылы нотариустардың іс-әрекетіне шағымдар бойынша азаматтық істердің саны өсті.
        
       Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Жарқын Жумағалиев «Өткізу және ішкі объектілік режимді қамтамасыз ету тәртібі» тақырыбында  семинар өткізді. Семинарда Жарқын Жумағалиев сот ғимаратында қоғамдық тәртіпті сақтау және өткізу режимі мәселелерін түсіндірді.

«Сот жаңалықтары» айдары

06/03/2024

 

     Зеренді аудандық сотында ӘҚБтК-ның 461-бабы бойынша (қорғау нұсқамасын бұзу)  «Е.»-ге  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Сотта учаскелік полиция қызметкері азаматша «Т»-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 30 тәулікке «Е.»-ге қатысты қорғау нұсқамасын шығарғаны анықталды.Бірақ «Т.». қорғау нұсқамасын елемей, азаматшамен жанжал шығарып, оған қатысты былапыт сөздер айтқан.
   Сот қаулысымен «Е.» 10 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.   

Қылмыстардың алдын алу мақсатында жария сот отырысы өткізілді. Өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

05/03/2024

   Қылмыстардың алдын алу мақсатында жария сот отырысы өткізілді.
   Өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

Беттер