2016 жылдың 11 айында Ақмола облысы Жақсы аудандық соты 63 азаматқа қатысты әкімшілік істер қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 11 айында Ақмола облысы Жақсы аудандық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Жақсы ауданының 63 тұрғынына қатысты әкімшілік істер қарады.

Сот анықтағандай,  азаматтар масаң немесе сау күйде қоғамдық орындарда

айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Сот қаулысымен 63 Жақсы поселкісінің тұрғындары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабында («Ұсақ бұзақылық») көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 30 құқықбұзушы  әкімшілік қамаққа алынып, 30 құқықбұзушыға  айыппұл, 3 кәмелет жасқа толмаған  құқықбұзушыларға тәрбиелеу шарасы түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі