2017 жылдың 2 айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққан үшін 43 жүргізушіге қатысты әкімшілік істер қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 2 айында Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққан үшін 43 жүргізушіге қатысты  әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай, жүргізушілер («Төрт немесе одан да көп жолағы бар екіжақты жүру жолдарында жолдың қарсы жүруге арналған жағына шығуға тыйым салынады») Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 9-бөлімінің 2-тармағының талаптарын бұзып, жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіп төндірген.

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулыларымен Көкшетау қаласының 43 тұрғыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 596-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түрінде жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі