2017 жылдың 8 айында электронды түрде «Сот кабинеті» арқылы Ақмола облысы соттарында 396 өтініш пен 13940 талап-арызы тіркелген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ресми  интернет-ресурсында «Сот кабинеті» электрондық сервисін іске қосты.

«Сот кабинеті» сервисі сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, электрондық байланыс арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Талап арыздарды, сондай-ақ құжаттар мен өтінішхаттарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде жолдауға болады. Бұл азаматтардың уақытын және қаржы шығындарын айтарлықтай үнемдейді. Сондай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта өтініштің және ісің қаралу барысын қадағалауға болады.

Мысалы, 2017 жылдың 8 айында  электронды түрде «Сот кабинеті» арқылы Ақмола облысы соттарында 396 өтініш пен 13940 талап-арызы тіркелген. Сот ісіне қатысушыларға электронды түрде хабарлау тиімді жұмыс істеуде. «Әкімшілік істерді жолдау» сервисі арқылы электронды түрде 10587 әкімшілік іс жолданып, тіркелді.

Сервис жыл сайын жетілдірілуде және жаңа қызмет түрлерін ұсынуда.

Сонымен қатар, мобильдік құралдар арқылы сот органдарымен ұсынылатын, сервиске қолжетімділікті қамтамасыз ететін қосымша мобильді «Сот кабинеті» қызмет ететінін ескертеміз.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі