Ақкөл аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 33 Өзбекстан Республикасының азаматтарына жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 5 айы ішінде Ақкөл аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 33 азаматына  қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 33 Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 2, 5- бөліктерімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 32 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, бір азаматқа  әкімшілік  айыппұл түрінде жазалар тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі