Ақкөл аудандық сотында сот актілерін орындамағаны үшін 75 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақкөл аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабы бойынша («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін») 75 адам  әкімшілік жазаға тартылды.

Сот қаулыларымен 75 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабы бойынша сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, 70 азамат әкімшілік қамаққа алынды, 5 азаматқа  айыппұл жазасы тағайындалды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі