Ақкөлде қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Ақкөл аудандық соты ҚР ҚК 175-бабы 1-тармағында көзделген қылмысты жасады деп айыпталған яғни ұрлық жасаған азаматқа қатысты істі тараптардың өтініші бойынша ҚР «медиация туралы» заңына сәйкес қарады. 

Ісі сотқа келіп түскен А., есімді азамат өткен жылдың жаз айларының бірінде өзгенің мүлкін иемденгісі келіп, өзін ешкім аңдып тұрмағанын біліп, біреудің сарайында тұрған «Т-150» маркалы трактордың екі бүйіріндегі есіктерін жұлып алған. Сөйтіп ұрлап алған мүлкін өз кәдесіне жаратып «Гусарка» ЖШС-на 30 000 теңге көлемінде материалдық нұқсан келтірген.

Басты сот талқылауында-ақ жәбірленушіден істі тараптардың татуласуына және медиативтік келісімге келулеріне байланысты істі медиация тәртібімен тоқтату туралы өтініш келіп түскен.

Сотталушы сотта өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін және шығынды толығымен өтегенін айтып, жәбірленушінің өтінішімен өзінің келісетінін айтты.

Ақкөл аудандық соты бұл өтінішті қолдап, тараптардың татуласуын, шығынның толық өтелгенін ескеріп медиация тәртібімен қарауға келісім берді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі