Ақмола облыстық соттарында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты, татуластыру келісімдер мен  партисипативті рәсім белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап Азаматтық проссетік Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Мысалға, Степногорск қалалық сотында   берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды.

Егіндікөл аудандық сотында  азамат Н-ді қорлағаны үшін азамат Б-ға қатысты қылмыстық іс медиацияны қолдануымен қаралды.

Тараптардың бітімгершілік келісім жасауына байланысты, бұл істер бойынша өндіріс  тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі