Ақмола облыстық сотында Наурыз мейрамы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының судьялары мен қызметкерлері Наурыз мейрамын атап өтті.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов судьялар ұжымы мен Соттар әкімшісінің қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтап, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің көріністеріне қатысты.

Наурыз мейрамын тойлау бағдарламасында Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу мен сақтау бойынша байқау өткізілді. Атап айтқанда ең үздік ұлттық киім, ең үздік ұлттық тағам, ең үздік ұлттық ән мен би.

Қазақтың «Тұсау кесер» рәсімі көрсетілді. Тұсау кесу кішкентай бөбектің ең алғашқы талпынысы, өмірді тануы, өзі жасаған тіршілігін білдіреді.

Мейрамның құрметті қонақтары - сот жүйесінің ардагерлері, Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген байқауларға қатысқан мамандардың қабілеттері мен өнерлерін жоғары бағалады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі