Ақмола облыстық сотында сот әкімшілігі мәселелері бойынша халықаралық сарапшылармен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Қазақстанда сот әкімшілігін жетілдіру бойынша халықаралық сарапшылар азамат Берт Маан және Рэймонд Джон Бернингхаммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында облыстық сот төрағасы «Сот кабинеті» сервисінің жұмысымен таныстырып, Елбасының «Озық сот практикасы - бұл сот процесінің қазіргі заманауи базасы болатын, электронды озық технологияға ауысу арқылы қағаз құжат айналымнан бас тарту» керек деген сөздерін айтып өтті. 2017 жылдың 8 айында облыс соттарына 22 327 талап арыздар түсіп, оның ішінде, 18 198 талап-арыз «Сот кабинеті» арқылы тіркелген деді Д.Әміров.

Талдау және жоспарлау бөлімінің маманы Н.Ержанов ағылшын тілінде Халықаралық сарапшыларға ақпараттық-анықтамалық киоскінің және кеңсе жұмысын таныстырып өтті. Облыстық соттың судьясы Р.Ертаева медиация кабинетінің жұмысымен таныстырып, 2017 жылдың 8 айында 32 366 азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер қаралып, оның ішінде 1164 іс бойынша медиацияны қолданумен аяқталған, бұл 3,6 пайызды құрап отыр деді Д.Ертаева. Сарапшылар сот отырысының залдарымен танысып, қылмыстық іс бойынша сот отырысына қатысты.

Кездесу барысында сарапшылар Ақмола облыстық сотының мұражайын тамашалап, Ақмола облыстық сотының ардагер-судьялар Кеңесінің төрағасы М.Ғибәділов мұражайда экскурсия өткізіп, мұражайдағы экспонаттар және артефактілермен таныстырды. Облыстың сот жүйесінің тарихы туралы, Ақмола облыстық сотында әр жылдары қызмет атқарған төрағалар мен судьялары, Қазақстан мен облыстың әр аймағының өкілдері жайлы көптеген сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараның соңында қонақтар аудандық және оларға теңестірілген соттармен видеоконференцбайланыс арқылы өткізілген кеңеске қатысты. Сонымен қатар, срапшылар облыстық сот жұмысы бойынша өткізілген танымдық экскурсия үшін облыстық соттың басшылығына алғыстарын білдірді.

Халықаралық сарапшылар Ақмола облысы бойынша жұмыс сапары барысында Ақкөл аудандық сотында, Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болып, аудандық соттардың жұмысымен және сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялармен танысты. Сонымен қатар, сарапшылар тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен қаралған қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот отырыстарына қатысты. 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі