Ақмола облыстық сотында «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық соты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, облыстық прокуратура және «Жасыл келешек» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және сот жүйесінде оған қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Кеңесте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы баяндамамен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Дархан Хайруллин, «Судьялық әдеп кодексінің негізі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбымен отставкадағы судья Мейрам Ғибәділов, «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша Қылмыстық кодекстің жаңа нормалары» тақырыбымен Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов баяндамаларын жасады. Сондай-ақ, соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы облыстық сот судьялары Бейсембай Сәрсенов және Нұрсұлтан Рахымберлин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы судьялар Әділбек Дүйсебаев пен Ильяс Кәкім сөз сөйледі.

Баяндамашылар өз сөздерінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғам мен мемлекеттің барлық салаларын реттеумен байланысты болуы тиіс және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қажет етеді деп атап өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен судьялық әдеп кодексінің талаптарын қатаң түрде сақтау - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды шарты» – деп қорытындылады баяндамашылар.

Қайнар: 
пресс-служба Акмолинского областного суда