Ақмола облыстық сотының судьялары бейнебайланыс арқылы семинар сабағына қатысып, медиацияны жүргізу бойынша тәжірибе алмасты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен бейнебайланыс арқылы ұйымдастырылған семинар сабағына қатысты. Семинар «Даулардың кейбір санаттары бойынша міндетті түрде медиацианы енгізу» тақырыбында пилоттық жобаның іске асуының аясында оставкадағы судья – герман сарапшы М.Штендердің қатысуымен өткізілді. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пилоттық жобаның іске қосылуы көзделіп отыр.

Бейнесеминарға татуластыру рәсімдері бойынша, оқу бағдарламаларының үйлестірушілері, азаматтық істерді қарайтын судьялар, отставкадағы судьялар және медиаторлар қатысты.

Жоғарғы Сот судьясы Ұ.Сүлейменова және Германиядан келген отставкадағы судья - медиатор Манфред Штендер жеке санаттағы істер бойынша міндетті медиацияны енгізу сұрақтары бойынша семинар сабағын өзкізді.

 Жоғарғы Сот судьясы Ұ.Сүлейменова, Қазақстанда медиация институты белсенді дамып келе жатқандығын атап өтті. Жаңа Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің нормалары татуластыру рәсімдерін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік береді. Сотқа дейін және соттан тыс дауларды реттеу институтын нығайту мақсатында республика соттарында мобильді топтар құрылып, жергілікті жерлердегі тұрғындармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Іс-шараның мақсаты -  медиацияны сот өндірісінде жүйелі және дәйекті түрде енгізу бойынша мүдделі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болып табылады» - деп айтты судья.

Өз сөзінде медиатор М.Штендер Германиядағы сот медиацияны практикада қолдану әдістемесі туралы айтып өтті.

«Әрбір ел медиацияға өз жолын және оны қолдану әдістемесін табады. Медиацияны өткізу үшін психология саласында арнаулы танымдар, келіссөздердің техникасын және интервенцияның білімі керек» - деп айтты медиатор М.Штендер.

Семинар сабағында қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар беріліп, медиацияны жүргізу жөнінде пікір мен тәжірибе алмасу өтті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі