Ақмола облыстық сотының судьялары Елбасының Жолдауын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының судьялары өздерінің кезекті жалпы отырыстарында Елбасымыздың биылғы «Қазақстандық жол – 2050; бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын талқылады.

Жалпы отырысты ашқан Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов Жолдау туралы «-Елбасымыз басты мақсаттар мен басымдықтардың ұзақ мерзімге арналған күн тәртібін белгілеп берді. Жолдаудағы басты басымдықтардың бірі Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ендіру мақсатын біз әділетті, халқы заңын сыйлайтын қоғам арқылы ғана жеткізе аламыз. Бұл бағытта ең үлкен жүк сот жүйесіне тиесілі. Елбасымыз бұл туралы «Бейбітшілік және тұрақтылық, сот әділдігі және тиімді құқық қорғау – ел дамуының негізі» деп атап көрсетті. Естеріңізде болса 2013 жылдың 20 қарашасында өткен ҚР Судьяларының ҮІ съезінде де Елбасымыз «Біз өркендеп өскен, ең байыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді көздеп отырмыз. Біз меже қылған биік белестер барлық саладағы игіліктерді көздейді. Сондықтан Қазақстанның сот жүйесі алдыңғы қатарда болуы қажет. Барлық құқық қорғау органдары ішінен ең жоғары тұрғаны Жоғарғы Сот болып табылады. Жоғарғы Соттың абыройы – Қазақстанның абыройы, жалпы биліктің абыройы. Біз «Қазақстан 2050 стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет» деген еді, Ақмола облысының судьялар қауымы Елбасының сөзін қуаттайды, Жолдауды бір ауыздан қолдайды деп өз пікірін білдірді.  

Осы тақырыпта баяндама оқыған Ақмола облыстық сотының судьясы  Манабаева Мараш жолдаудағы барлық бағыттар бойынша толық әрі нақты түсініктеме берді.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Ақмола облыстық сотының төрағасы судьялардың алдына ел Президентінің Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша жауапты міндеттер қойды.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі