Ақмола облыстық сотының төрағасы Аршалы ауданының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізіп, азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Аршалы ауданының белсенділерімен кездесіп, аудандық соттың судьяларымен жұмыс кеңесін өткізді және азаматтарды қабылдады.

Кездесу Аршалы ауданының  әкімдігінде өткізіліп, оған аудан әкімі, аудандық маслихат, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, БАҚ өкілдері, ҮЕҰ-ның өкілдері, адвокаттар, медиаторлар, сонымен қатар, судьялар және сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Аудан белсенділерімен кездесуде облыстық соттың төрағасы Д.Әміров, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндіре отырып, Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қарары бойынша іс-шаралар  облыс соттарымен іске асырылып жатқандығын айтып өтті.

Облыстық соттың төрағасы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде  мәртебесін көтеру мақсатында, органдар мен ведомстволар арасында сот ісін жүргізу мен іс жүргізуде және ведомствоаралық хат алмасуда қазақ тілін қолдану қажеттілігіне тоқталды. 

Досжан Әміров кездесуді қорытындылай келе, сот жүйесіндегі реформалар, алқабилер сотының дамуы, татуластыру рәсімдерін қолдану, оның ішінде, медиация, ақпараттық технологиялар, сот шешімдерін орындау, БАҚ және ҮЕҰ-ның өзара байланысы және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтып өтті. Ақмола облыстық сотының төрағасы өз сөзінде, Аршалы ауданының кәсіби медиаторы Тілеубаева Орынтайдың медиацияны қолдану мен дамыту бойынша белсенді жұмысын атап өтті.

Кездесуден кейін, Д.Әміров аудандық соттың ғимаратында азаматтарды қабылдады. Облыстық сот төрағасының қабылдауына қаралып жатқан істермен байланысты, сонымен қатар, жеке сұрақтар бойынша Аршалы ауданының 7 тұрғыны келді. Барлық азаматтар өз сұрақтарына толық жауап алды. 

Облыстық соттың төрағасы аудандық соттың ұжымымен жұмыс кеңесін өткізіп, 2017 жылдың 7 айында сот төрелігін іске асырудың сапасы мен сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша соттың жұмыс көрсеткіштерін талқылады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар