Ақмола облыстық сотының төрағасы Астрахан ауданының белсенділері және тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Астрахан ауданындағы жұмыс сапарында аудан белсенділері және тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды қабылдады.  

Аудан белсенділері және тұрғындармен кездесуде облыстық соттың төрағасы сот жүйесімен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы, сот ісін жүргізудегі өзгерістер, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мақсатында қылмыстық процесті реформалау туралы айтып өтті. Досжан Әміров қылмыстық-процестік заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді. Атап айтқанда, қылмыстық процестің ізгілендіруді жетілдіру, қылмыстық істер бойынша адвокаттардың рөлін нығайту, тергеу судьяларының өкілдікітерін кеңейту, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің тәртібі, бұйрықтық іс жүргізу және басқа да сұрақтарды қозғады. «Қылмыстық-процестік заңнамаға енгізілген өзгерістер қазақстандық заңнаманы дамытуға және ізгілендіруге, құқықтық мемлекет құрып, заңдарды халықаралық құқықтық тәжірибеге сәйкестендіру үшін қажет» - деді Досжан Әміров.

Облыстық соттың төрағасы аудан белсенділері және тұрғындарымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылай отырып, Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша іс-шаралар  облыс соттарымен іске асырып жатқандығын атап өтті. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын белсенді түрде өзара әрекеттесуге шақырып, аудандағы көшелер және басқа да объектілердің аттарын ауыстырып, оған қазақ халқының атақты тұлғаларының аттарын беру, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру және тарих пен Отанға деген патриотизмге тәрбиелеу мақсатында жастармен кездесу өткізу туралы бірқатар іс-шараларды ұсынды.

Облыстық соттың төрағасы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде  мәртебесін көтеру мақсатында, органдар мен ведомстволар арасында сот ісін жүргізу мен іс жүргізуде және ведомствоаралық хат алмасуда қолдану қажеттілігін, сонымен қатар, мемлекеттік тіл – қазіргі замаңғы латын тіліне ауыстырылатындығын айта отырып, бұл қазақстандықтардың санасы мен идеологиясының жаңғырылуы үшін қажет болып табылады деді. Досжан Әміров мемлекеттік тілдің латын графикасына ауыстырылуын қолдай отырып, 80 пайыз мемлекеттердің әліпбиі латын графикасына негізделген, дүниежүзінің 70 пайыз баспа өнімдері латын тілінде шығатынын атап өтті. Тілдің жаңғырылуы мемлекеттік тілді дүние жүзіне қолжетімді етеді.

Кездесуде облыстық соттың төрағасы аудан белсенділерін мемлекеттік тілді дамыту, дауларды шешуде соттарда татуластыру рәсімдерін және ақпараттық технологияларды қолдану, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша өзара әріптестікке шақырды.

Досжан Әміров ауданда медиацияны дамыту мен қолдану ісінде белсенділік танытқаны үшін Астрахан ауданының кәсіби емес медиаторы Орман Жаңбырбайды Алғыс хатпен марапаттады.

Кездесуден кейін, Досжан Әміров Астрахан аудандық сотында жұмыс кеңесін өткізді. Кеңесте облыстық соттың төрағасы ағымдағы жылдың 8 айының жұмыс қорытындысын талқылап, сотта мұрағаттың жұмысымен танысып, медиация және адвокаттарға арналған кабинеттерді тексерді.

Кеңесте облыстық соттың төрағасы аудандық сот судьялары мен сот қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар берді: сот төрелігін іске асырудың сапасын арттыру, медиаторлармен жұмысты белсендету, сот ісін жүргізу тілін сақтай отырып, мемлекеттік тілде қаралатын істердің санын арттыру, БАҚ-пен өзара әріптестікті нығайту.

Осы күні облыстық сот төрағасы аудандық соттың ғимаратында азаматтарды қабылдап, ауданның 6 тұрғынының сұрақтары мен өтініштерін тыңдады. Барлық өтініш білдірген тұрғындарға жауаптар және түсініктемелер берілді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі