Ақмола облыстық сотының төрағасы Еңбекшілдер ауданында аудан белсенділерімен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Еңбекшілдер ауданының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімі, селолық округтардың әкімдері, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, адвокаттар, медиаторлар мен ардагерлер қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров тұрғындармен кездесу барысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндіре отырып, Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қарары бойынша іс-шараларды  облыс соттарымен іске асырып жатқандығын атап көрсетті.

Сот төрағасы кездесуге қатысушыларды іс-шараларға белсенді түрде қатысуына шақыра отырып, облыс соттарымен өткізілетін іс-шаралар аясында өскелең ұрпақтың рухани-мәдени білімін арттыру мақсатында кездесулер, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру, билерді, қазақ зиялыларын, мәдениет және өнер қайраткерлерін еске алу кештерін өткізу, мұрағаттар, мұражайлар және кітапханалармен байланыс жасауды, сонымен қатар, тарихи-танымдық байқаулар өткізу көзделгендігін атап өтті.

Облыстық соттың төрағасы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде  мәртебесін көтеру мақсатында, органдар мен ведомстволар арасында сот ісін жүргізу мен іс жүргізуде және ведомствоаралық хат алмасуда қолдану қажеттілігін айтты. 

Досжан Әміров сот жүйесіндегі реформалар, алқабилер сотының дамуы, татуластыру рәсімдерін қолдану, ақпараттық технологиялар, сот шешімдерін орындау, БАҚ және ҮЕҰ-ның өзара байланысы және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық сотының төрағасы Еңбекшілдер ауданының медиаторы Қанат Баймановқа  ауданда медиацияны дамыту мен қолдану жұмысында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатымен марапаттады.

Кездесуден кейін, облыстық сот төрағасы Еңбекшілдер аудандық соты ұжымымен жиналыс өткізіп, сот жүйесінің жетістіктерін атап, судьяларға сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру және судьялық әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөнінде нақты тапсырмалар қойды.

Сот жұмысын ұйымдастыру жағдайымен танысу кезінде, облыстық сот төрағасы оқу кабинетіне оң бағасын беріп, сот мұрағатының жұмысын тексеріп, медиация кабинеті мен адвокаттарға арналған бөлмелерді аралап көрді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі