Ақмола облыстық сотының төрағасы Есіл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Есіл ауданының тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімі, селолық округтарының әкімдері, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, адвокаттар, медиаторлар, БАҚ, ҮЕҰ-ның өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров тұрғындармен кездесу барысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндіре отырып, Жоғарғы Сотпен «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізілген «дөңгелек үстелдің» қарары бойынша іс-шараларды  облыс соттармен іске асырып жатқандығын атап көрсетті.

Сот төрағасы кездесуге қатысушыларды іс-шараларға белсенді түрде қатысуына шақыра отырып, облыс соттарымен өткізілетін іс-шаралар аясында өскелең ұрпақтың рухани-мәдени білімін арттыру мақсатында кездесулер, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру, билерді, қазақ зиялыларын, мәдениет және өнер қайраткерлерін еске алу кештерін өткізу, мұрағаттар, мұражайлар және кітапханалармен байланыс жасауды, сонымен қатар, тарихи-танымдық байқаулар өткізу көзделгендігін атап өтті.

Досжан Әміров аудан ақсақалдары мен жергілікті атқару органдарының өкілдеріне тарихи тұлғалардың есімдерін жаңғырту, ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында әкімшілік-географиялық нысандарды олардың есімдерімен атауға ат салысуға шақырды.

Облыстық соттың төрағасы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде  мәртебесін көтеру мақсатында, органдар мен ведомстволар арасында сот ісін жүргізу мен іс жүргізуде және ведомствоаралық хат алмасуда қолдану қажеттілігіне тоқталды. 

Досжан Әміров сот жүйесіндегі реформалар, алқабилер сотының дамуы, татуластыру рәсімдерін қолдану, ақпараттық технологиялар, сот шешімдерін орындау, БАҚ және ҮЕҰ-ның өзара байланысы және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, Ақмола облыстық сотының төрағасы Есіл ауданының медиаторы Гүлдер Аманжолованы ауданда медиацияны дамыту мен қолдану жұмысында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатымен марапаттады.

Кездесуден кейін, облыстық сот төрағасы Есіл аудандық сотында азаматтарды қабылдады. Төрағаның қабылдауына 6 азамат келді. Барлық азаматтар өз сұрақтарына толық жауап алды. 

Қайнар: 
Ақмола облысы Есіл аудандық соты