Ақмола облыстық сотының төрағасы Көкшетау қаласының соттарындажұмыс кездесулерін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан ӘміровКөкшетау қаласының соттарындажұмыс кездесулері барысында жаңа тағайындалған төрағалар мен судьяларды таныстырып, сот ұжымдары мен сот жұмысымен танысты.

Жұмыс кездесулерін Досжан Әміров кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық, Көкшетау қалалық және мамандандырылған әкімшілік соттарындасудьялар мен сот қызметкерлері, прокуратура және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткізді. Кездесу барысында тағайындалған төрағалар,судьяларын таныстырып, ағымдағы жылдың 5 айдың жұмыс сапасы талқыланды, алдағы мерзімге міндеттер қойылды.

Облыстық сот төрағасы судьяларға медиация институтын дамыту, халық арасында түсіндірумен алдын алу жұмыстарын жүргізу, БАҚ-пен өзара ықпалдасу, сот төрелігінің сапасын жақсарту, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сот беделін көтеру арқылы халықтың мемлекетке сенімін арттыру және судьяныңкәсібидеңгейініңжоғары болуыүшін өз білімдерінкүнделікті жетілдіріп отыруды тапсырды.

Облыстық сот төрағасы сот жұмысының жағдайларымен, аудио-бейне жазу жүйесімен жабдықталған сот отырысы залдары, мұрағат және кеңсе жұмысымен танысты.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі