Ақмола облыстық сотының төрағасы «Луч надежды» қоғамдық ұйымының басшысымен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің жұмыс жасауын жетілдірудің бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылау бойынша «Луч надежды» қоғамдық ұйымының басшысы Любовь Рубежанскаямен кездесу өткізді.

Кездесу «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыру жүйесінің жұмысын жақсарту және аз қамтылған  топтарға білікті заң көмегін алуға қолжетімділік деңгейін арттыру» жобасын іске асыру аясында өткізілді.

«Аталған жоба «Қазақстанда сот төрелігін жүзеге асыру жүйесінің қызметін жақсартудың» ұлттық жобасының бөлігі болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты – адам құқығының бұзылуын азайту, кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыру жүйесінің жұмысын жақсарту, жастар мен балаларға арналған сенім телефондарының Қызметін дамыту, жастар мен балаларға арналған әлеуметтік және құқықтық сұрақтарға кеңес беру бойынша қолжетімділікті қамтамасыз ету» – деді Любовь Рубежанская.

Кездесу барысында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жобаны іске асырудың мәселелері шешілді, сонымен қатар бірлесіп семинар сабағын өткізу жоспарланды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі