Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс соттарының 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров 2017 жылдың 1 жартыжылдығына соттардың жұмыс қорытындысы бойынша облыс судьяларының кеңейтілген кеңесін өткізді. Кеңеске сот алқаларының төрағалары, облыстық сот судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттарының төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшісінің басшысы, Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы, алқа төрағалары Е.Жанәділов және Р.Даминовтың азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың сапасы туралы есептерін тыңдап, алқа төрағаларына сырттай шешім шығарумен қаралған істерді, талап қою арыздарын негізсіз қайтару, істерді қарау мерзімін кейінге қалдыру, медиацияны қолдану, жекеше қаулыларды шығару мен жекеше қаулыларға жауаптарды уақытылы жолданбауына шаралар қабылдау, аудио және бейне тіркеу жүйесін және сот іс жүргізуінде ақпараттық сервистерді қолдану мен БАҚ-пен өзара әрекеттесу бойынша жұмысты ұдайы бақылауда ұстауға тапсырма берді.

Кеңесте, облыстық соттың төрағасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің республика судьяларының кеңейтілген кеңесіндегі қойылған тапсырмаларды атап өтті. Нақты айтқанда: істерді қарау сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау, жергілікті соттардың жұмысындағы кемшіліктердің себебін талдау, сот бұйрығы институтын кеңінен пайдалануды қамтамасыз ету, сот отырысында аудио және бейне тіркеу жүйесін қолдануға, сонымен қатар, сот отырысының уақытылы басталуына бақылауды күшейту, судьялардың біліктілігін жетілдіру бойынша Оқу орталығы қызметінің тиімділігін арттыру.

Құқық үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстанның Үшінші жаңғыруындағы тапсырмаларды іске асыру аясында, облыстық соттың төрағасы Д.Әміров рейтингтің барлық көрсеткіштері бойынша соттардың жұмыс сапасын көтеруге сот корпусының алдына тапсырма қойды.

Сонымен қатар, кеңесте облыстық соттың судьясы Светлана Рахметова судья әдебі жөніндегі комиссияның жұмыстары мен судьялардың іс-әрекеттеріне келтірілген шағымдар мен өтініштердің қаралу нәтижелері туралы, сондай-ақ, Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов соттардың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс пен материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы есептік баяндамаларымен сөз сөйледі.

Кеңесте айтылған статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде Ақмола облысы соттарымен барлығы 47 182 істер мен материалдар қаралды. Өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда бұл көрсеткіш 12 978 іс пен материалдарға көп. Құқық бұзушылықты қайталау және азаматтардың басқа да бұзушылықтарының алдын-алу мен ескерту мақсатында облыс соттарымен 390 жекеше қаулы шығарылды. Медиацияны қолданумен 680 қылмыстық, азаматтық және әкімшілік, партисипативтік рәсім тәртібінде 8 азаматтық іс қаралды.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін азаматтарға қатысты 14 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде 8 азаматқа ескерту жасалып, 1-не айыппұл мен 4-не қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот актілерінің барлығынан 0,8 пайызы ғана өзгертіліп, күшін жойды. Ал сот шешімдерінің 99,2 пайызы заңды және негізді деп танылды.

Облыс соттарымен Қазақстан Республикасы шегінен борышкерді шығаруды шектеу туралы сот орындаушылардың 2 854 ұсынысы қанағаттандырылып, борышкердің мүлкін тәркілеу туралы 5 731 қаулы шығарылды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықпен байланысты 32 адамға қатысты 26 қылмыстық іс, алқабилердің қатысуымен 2 қылмыстық іс қаралды.

 «Сот кабинеті» сервисі арқылы  облыс соттарына 12 178 талап қою арызы және 5 624 әкімшілік материалдар түсті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі