Ақмола облыстық сотының төрағасы сот жүйесінің ардагерлерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов өткен аптада облыстық соттың жанындағы ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Кездесу Елбасының 2013 жылдың 20 қарашасында өткен ҚР Судьяларының ҮІ съезінде және ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын жолдауындағы сот жүйесіне қойған талабын талқылаудан басталды. Талаптың үлкені елімізде жоғары құқықтық мәдениет орнату, сот төрелігі сапасын әрі қарай жақсарту, сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету болса, ардагер судьялар осы күні ізбасарларына осы мәселелер бойынша ақыл-кеңестер мен ұсыныстарын айтты.    

Бұл игілікті іс-шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ғибәділов бастаған сот жүйесінің отставкадағы судьяларынан өзге Қазақстанның жаңа кодекстері авторларының бірі, заң ғылымдарының докторы, профессор Қоғамов Марат қатысты.   

Кездесу соңында облыстың сот жүйесінің басшылығы мен ардагерлер кеңесінің мүшелері болашақта бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істеуге, ұрпақтар сабақтастығын жалғыстыруға, сот жүйесінің өткенін зерттеуге үлес қосуға, келе жатқан Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығын атап өту, мерейтой жасына жеткен судьяларды марапаттау мәселелері төңірегінде әңгімелер қозғалды.

Ардагер судьялар облыстық соттың төрағасы тарапынан жасалған бұл ілтипатқа алғыстарын айтып, жастардың жұмыс сапасын жақсартуларына өздері тарапынан қолдан келетін бар көмектерін аямайтындарын айтты.  

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі