Ақмола облыстық сотының төрағасы судьялар мен сот қызметкерлерін Астана күнімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов жалпы отырыста судьялар мен сот қызметкерлерін Астана күнімен құттықтады.

«1997 жылы қазан айында Астана Қазақстан Республикасының бас қаласы болып жарияланды. Бұл айтулы күн болды. Жас қала – Астана бүгінгі күні еліміздің басты қаласы, ондағы тұрғындар миллионға жетті» - деді Н.Әбдіқанов.

Сот төрағасы ұжымды келе жатқан мемлекеттік мейраммен құттықтай отырып, елімізбен, астанамызға гүлденуді, судьялар мен қызметкерлерге денсаулық, табыс және ырыс-береке тіледі.

Жалпы отырыстың жұмысы одан әрі өткен мерзімнің жоспарлы іс-шараларының сапалы орындалуы және 2016 жылдың екінші жартыжылдығына жұмыс жоспарларының бекітілуі және т.б. сұрақтар талқыланды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі