Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов мемлекеттік қызметші күніне арналған сот жүйесінің қызметкерлері үшін салтанатты жиналыс өткізді.

Салтанатты іс-шарада Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Үкібаев қатысты.

Құттықтау сөзінде Д.Сарымсақов Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалар, мемлекеттік қызметтің құрылу мен дамудың негізігі кезеңдері туралы айтып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметтің маңыздылығын атап өтті. «Кез-келген мемлекеттің дамуы мен гүлденуі ең алдымен мемлекеттік қызметтің біліктілі мен кәсібилігіне тікелей қатысты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау барысында дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруіне барлық мемлекеттік қызметшілер ат салысатымызға сенімдімін» - деді Д.Сарымсақов.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова мамандарды құттықтап, облыстық сот жүйесінде білікті әрі өз ісіне адал 319 мемлекеттік қызметкер еңбек етіп жүргенін атап өтті.

Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов персоналды басқару бөлімінің басшысы Кәрімова Гүлжаухар Ебрашқызын Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Ақмола облысы бойынша Департаментінің Алғыс хатымен марапатталуымен құттықтады.

Лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал атқарғандары үшін Ақмола облысы Әкімінің Алғыс хатымен және Соттар әкімшісі басшысының Құрмет грамоталарымен Соттар әкімшісінің және аудандық соттары кеңселерінің қызметкерлері (А.Қожанқұлов, М.Өміралиева, Д.Қонысбаева, Г.Сағымбаева, Р.Ережеп, Э.Нурпеисова, Д.Смағұлова, А.Байгундинова, Д.Айқұмбекова, С.Мизембаева, А.Жұмағали, Б.Оспанова, Д.Исаходжаева, Ж.Арипова, О.Абзалиева, С.Шахманова, Н.Воскобоева, С.Омарова, Т.Бертанов, Д.Тайшықова, А.Мұратбекова және Г.Куч) марапатталды.

Жиналыста мемлекеттік қызметші күніне арнайы өткізілген спорттық жарыстардың қортындысы шығарылып, марапаттау өткізілді. Спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, жақсы жетістіктер көрсеткені үшін Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің Алғыс хаттарымен А.Бердімұратов, К.Ысқақов, Н.Кабиев, Э.Әбілғазина, Д.Құсайынова, Н.Рахмет, А.Ризабекова, Ә.Есқара, А.Дүйсенбаев, Г.Асқарова және А.Дәлешова марапатталды.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Үкібаев жеңімпаздарды құтықтап спартакиада қатысушыларына алғыс айтты.

Салтанатты іс шараның соңында Д.Сарымсақов барлығын мерекемен құтықтады, дене шынықтыру және спорт басқармасының өкіліне алғысын білдіріп, «салауатты өмір салты - дені сау ұлттың кепілі болғандықтан, мемлекет дене тәрбиесі және спортқа аса маңызды көңіл бөледі» - деп айтты.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі