Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілерімен жұмыс кеңесін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша жергілікті соттарда сот жұмысын ұйымдастыру және іс жүргізу мәселелері бойынша аудандық және оларға теңестірілген соттарының кеңсе меңгерушілерімен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңеске Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, аудандық және оларға теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Соттар әкімшісінің басшысы кеңес жұмысын аша отырып, жалпы жергілікті соттардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау жүргізуде кеңсе меңгерушілердің жауаптылығына байланысты деді.

Д.Сарымсақов әрбір соттың қызметіндегі негізгі бағыттары бойынша рейтинг көрсеткіштерін талқылады.

Кеңес барысында Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қамажай Жоламанова сөз сөйлеп, кеңсе меңгерушілердің атқарушылық тәртібіне, тапсырмаларды сапалы орындау мен соттардың қызметі бойынша ақпаратты уақытылы ұсынылуына көңіл аудартты.

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары 2017 жылдың 1 жартыжылдығындағы кеңсе меңгерушілердің жұмысын, соттардың жұмысындағы кемшіліктерді талдап, оларды шешудің жолдарын белгілеп берді.

Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов кеңесті қорытындылай келе, кеңсе меңгерушілеріне соттарда іс жүргізу, жұмыс сапасын жақсарту, сот отырыстарында аудио және бейне тіркеу жүйесін және электронды қызметтерді 100% қолдануды қамтамасыз етуге тапсырма берді. Сонымен қатар, соттардың жұмысы Елбасының сот жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша тапсырмаларын іске асыруға, Жоғарғы Сот және Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің тапсырмаларын орындауға бағытталуы тиіс екенін еске салды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі