Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үш адамның өлтірілгені туралы резонанстық іс бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бурабай ауданы Дмитриевка ауылының үш тұрғынын өлтіріп,  ұрлық жасап, мүлікті және жеке құжаттарды тонағандары үшін кәмелетке толмаған екі азаматқа қатысты  үкім жарияланды. Сот үкімімен сотталушының біреуіне 12 жыл,  ал екінші сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Сотталушылардан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиян мен материалдық залал өндіріліп алынды.  

Сонымен қатар, Бурабай ауданының әкімдігіне, ауылдық округ әкіміне, аудандық білім бөлімі мен жергілікті полиция жұмыстарының  жеткіліксіздігінен кәмелетке толмағандармен аса ауыр қылмыс жасалуына жағдай туғызылғаны туралы соттың жеке қаулысы жолданды.

Үкім жарияланғаннан кейін судья С.Баймағамбетов БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі