Ақмола облысы Шортанды аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматтарына қатысты 27 әкімшілік іс қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017  жылдың  басынан Ақмола облысы Шортанды аудандық соты  Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетел  азаматтарына  қатысты  27 әкімшілік іс қарады

Сотпен,  27 шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келіп, көші-қон полициясы органдарында  тіркелмегені анықталды. Осы әрекетімен, шетел азаматтары әкімшілік құқық бұзушылықтар  жасаған.

Сот қаулысымен 27 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 2, 4-бөліктерімен  («Шетелдіктің немесе азаматтағы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтын көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы»)  әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 21 құқық бұзушыларға 1тәулік мерзімге  әкімшілік қамаққа алу, 6 құқық бұзушыларға әкімшілік айыппұл тағайындалды. 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі