Ақмола облысы соттарында істер татуластыру рәсімдерін қолданумен қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде медиация институты, татуластыру келісімдері мен партисипативтік тәртібі белсенді түрде қолдануда.

Мысалға, Ерейментау аудандық сотында  2017 жылдың 6 айында 11 азаматтық, 3 қылмыстық және 10 әкімшілік іс  медиацияны қолданумен қаралды. Мысалы, кәсіби медиатордың қатысуымен ұрлық жасау туралы қылмыстық іс, некені бұзу туралы азаматтық іс және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы  әкімшілік іс қаралды.

Бурабай аудандық сотында медиацияны қолданумен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы әкімшілік іс қаралды, ал шартты бұзу және залалды өндіріп алу туралы азаматтық іс партисипативтік тәртіппен қаралды.

Астрахан аудандық сотында  медиативтік келісімді жасаумен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы  әкімшілік іс және жол көлік оқиғасы (ЖКО) нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Есіл аудандық сотында  5 әкімшілік іс медиация тәртібінде қаралды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі