Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы халықаралық конференцияға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЮНИСЕФ-тің 70-жылдығына арналған «Қазақстан, балаға жылы шырайлы» атты  халықаралық конференциясына қатысты.

«Сот төрелігі жүйесіндегі баланың тағдыры» тақырыбындағы халықаралық конференцияда Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы «Сот балаға жылы шырайлы, заңнамадағы кемшіліктер мен оны шешудің жолдары» тақырыбында баяндама оқыды.

Конференцияның негізгі мақсаты әлемдік сатндарттарға сәйкес балалар құқығын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша тұжырымды диалогтың тұғырын дамыту және жетілдіру және осы мәселелер бойынша халықаралық, ұлттық, қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру болып табылады.

Конференцияда бала құқығын қорғайтын барлық негізгі аспектілердің 12 бағыты бойынша жұмыс істейтін тақырыптық алаңдары өз жұмысын бастап кетті.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі