Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 9 айында 1 азаматтық іс партисипативтік рәсім және 36 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 9 ай ішінде 1 азаматтық іс партисипативтік рәсім және 36 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралып, оның ішінде пилоттық жоба шеңберінде 25 азаматтық іс қаралған.

Даудардың жекеленген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша питоттық жоба ережесіне сәйкес тараптарға істі дауды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтау құқығы,  оның басымдылықтары,  кәсіби және кәсіби емес медиаторлар тізімдері,  медиация кабинеттері туралы ақпарат пен хабарлама тараптарға ұсынылған.

Сот отырысына дайындық барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу бойынша пилоттық жобаға қатысу жөнінде келісімін жазбаша түрде білдірген.

Сотта тараптар арасында дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер бекітілді. Осы істер бойынша өндіріс қысқартылды. Мемлекеттік баж соммасы қайтарылған.

Тараптарға бекітілген келісім салдары түсіндірілді.  

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі