Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медиацияны қолданумен 5 азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

2017 жылдың ақпан айында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медиацияны қолданумен 5 азаматтық іс, оның ішінде Пилоттық жоба шеңберінде 1 азаматтық іс қаралды.

Даудардың жекеленген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жоба Ережесіне сәйкес тараптарға істі дауды (жанжалдарды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімімен аяқтау құқығы,  оның басымдылықтары,  кәсіби және кәсіби емес медиаторлар тізімдері, медиация кабинеттері туралы ақпарат пен хабарлама тараптарға ұсынылған.

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Тараптарға жасалған келісімнің салдары түсіндірілді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар