Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот атқару парақтарын электронды түрде жолдау сұрақтары бойынша дөнгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот атқару парақтарын электрондық түрде жолдау сұрақтары бойынша дөнгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге судьялар, сот мамандары, Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бойынша басқарма басшысы М.Байғужина, Әділет департаментінің №1 Көкшетау аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы С.Хамзин,  мемлекеттің кірісіне мүлікті айналдыру бөлімінің басшысы Ж.Қаркенов, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Ж.Әбілқасымова және Ақмола облысының ІІД-нің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар электронды атқару құжаттарын аймақтық палатасына және әділет органдарына орындауға  жолдау бойынша сұрақтарды талқылады, сонымен қатар, атқару парақтарын қабылдау, тіркеу, электронды түрде бөлу, атқару парақтарын дәлелсіз себептерімен жою және дұрыс бөлінбеуге әсерін тигізетін техникалық проблемаларды жою мақсатында мәселелер талқыланды.

Дөңгелек үстел жұмысын қорыта келе осы бағытағы жұмыстарды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі